• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:55:54
Алматы
+35°

02 Қыркүйек, 2019 NEWS

«Open air-2019» шарасына 10 мыңнан аса атыраулық жиналды

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың жарқын әрі керемет болуына ұйтқы болды.

Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Атыраулықтар өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады.

Концерт соңында мерекелік отшашу болды. Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды.

kjhgf

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір