• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:38:53
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар

Алматы облысында жойқын жарылыстан бір адам көз жұмды

Жарылыс салдарынан газбетонды блок шығаратын цех ішінара бұзылып, жақын маңда тұрған көліктерге зиян келді

Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын кәсіпорында жойқын жарылыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оқиға кеше сағат он екілер шамасында болған.

жарылыс

"Алматы облысы ТЖД кезекшілік пультіне Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында газбетонды блок цехында жарылыс болғаны туралы хабар түсті. Жоғары қысымнан автоклав жарылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған", - делінген хабарламада.

жарылыс

Жойқын жарылыстан түтін шығаратын құбырдың сынықтары жеке тұрғын үй секторының аумағына ұшқан.

Полицейлер мен облыстық ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан 58 жастағы ер адамның денесін тапты. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бұдан бөлек, цехқа жақын маңда тұрақта тұрған бірнеше автокөлікке зиян келді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір