• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:31:44
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2019 Тағайындау

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Бұған дейін Шолпан Қаринова "Назарбаев зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары болған

Шолпан Қаринова Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі жазды.

Шолпан Қаринова 1972 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдады. "Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы Омбы қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірді. "Педагогикалық білім" магистрі атанды.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарды.

2005 - 2018 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасында, Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір