• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:58:51
Алматы
+35°

Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смагұлов өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Ал, достар! Көптен күткен жаңалық! Сенбіні СҮЙІНШІден бастағанды жөн көрдім! Магистратураға түсушілер үшін білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері шықты!

Нәтижелерді біздің Testcenter.kz сайтымыздан немесе Konkurs_magistratura_2019 telegramm бот арқылы білуге болады!!!

Барлықтарыңызға сәттілік!!!" делінген жазбада.

Дидар Смағұловтың айтуынша, биыл 9701 грант бөлінген. Бірінші айналымнан кейін қалған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта бөлінді. Сонымен қатар, 3108 грант бюджетке қайтарылады.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін testcenter.kz сайтынан көре аласыздар.

Сондықтан әрбір тізімдеме қолдан қайта тексерілді, ал бұл 12 мыңнан астам жазба. Өйткені, үміткерлердің құқығын Орталық алға қояды. Біз құрметті сарапшыларымыздың, соның ішінде Мұрат Әбеновтің ұсынымдарына сүйене отырып, гранттың санын емес, сапасын ойлауды ұйғардық. Себебі елге заңгерлер мен басқарушылар қажет емес...", - деп жазған Орталық басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір