• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:38:36
Алматы
+35°

Жамбылда даңқты жыраудың ескерткіші дауға айналды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, былтыр Таразда тұрғызылған Жамбыл Жабаевтың жаңа ескерткіші кейбір тұрғындардың көңілінен шықпай тұр. Жамбылдың жаңа ескерткіші облыс әкімдігінің алдына былтыр қазанда қойылған болатын. Nur Otan партиясының өкілдері ескерткіш үкімет қаулысынсыз ауысқанын мәлімдеді.

"63 жылдан асып кетті, бұл Тараз қаласының паспорты. Білесің ба, мынау еш уақытта паспорт бола алмайды. Бұрынғы тұрған Жамбыл мынау шойыннан құйылған. Міне, мына жерде образ бар, динамика бар, біріншіден материальность бар, беріктік бар. - Ал, қазіргісі? - Ол міне, мынандай қаңылтыр", - дейді мүсінгі Сейіткәрім Момышев. Ал қала билігі ескерткіш бой көтерген 54 жылда 17 рет жеңіл-желпі жөндеу жүргіздік дейді. Жөнделе-жөнделе тозығы жетіпті. Сондықтан Алматыдан арнайы мамандар шақырып, екі рет сараптама жүргізген. Соның қортындысына сай демеушілердің қаржылай қолдауымен ауыстырдық деп отыр.

"Сол сараптама жұмыстарының нәтижесінде бұл ескерткіште күрделі жарықтардың пайда болғандығы, жалғанған жарықтары арасында, арқасы мен қолтықтарында, төменгі етектерінде, сыртқы қабаты қабыршықтанғаны, қауіпті темір қақтар пайда болғандығы, сапасыздығы туралы анықтама жасалған болатын. Екі рет өткізіп, орнынан алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы бізге жеткізіп отыр", - дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов ескі мүсінде еш мін жоғын айтады. "Барлық жағынан ескерткіш дұрыс емес.

Біріншіден мүсін оңтүстікке қарау керек. Ал бұл солтүстікке бағытталған. Екіншіден, ескерткіш ол жерден көрінбейді. Үшіншіден, ол ақын, ол атқамінер, қоғам белсендісі емес әкімдік алдында тұратындай. Осы 3 дерек бойынша оған қоғам мүшелері қарсы. Ал бұл ретте біз партия бұқараның жағындамыз. Ал ескерткіш мемлекет қорғауында болғандықтан, оны өзгертуге ауыстыруға Үкімет қаулысы керек. Ол облыста жоқ. Яғни, заңбұзушылық болып отыр", - дейді Ерқанат Манжуов. Қазіргі ескерткіштің биіктігі - 4 метр болса, салмағы - 1,5 тонна. Ал ескі мүсін "Жасыл Тараз" мекемесінің қоймасында тұр. Оны еліміздің суретшілер одағы кәсіби жөндеуден өткізу керек депті. Басшылықтағылар жөндеу жұмысына демеушілер табылса, екінші ескерткішке Тараздан тағы бір орын табылады дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір