• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:58:46
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2019 NEWS

Үкімет халыққа жақындай түседі

Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин Үкімет мүшелері бұдан былай халықпен кездесу үшін аймақтарға жиі шығатынын айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет пен Nur Otan партиясы арасында алдын ала келісім механизмін енгізу ұсынылуда. Бұл заң шығару ісінің сапасын жақсартып, аталған мәселеде үкімет, парламент, партия арасындағы байланысты нығайтады" –  дейді үкімет басшысы

А.Мамин Елбасы тапсырғандай партия халыққа етене жақын болуы тиіс екенін айтты.

"Министрлер кабинетінің мүшелері мен партиямен өңірлерге бірлесіп сапар жасайтын болады. Оның барысында тұрғындармен кездесіп, азаматтардың талап-тілегін сол жерде қарастырамыз. Үкімет маңызды бағыттар бойынша бағдарламалық құжаттар әзірлеуде партия мүшелерінің сарапшылық әлеуетін кеңінен қолдануы керек, –  деп атап өтті премьер-министр.

Total.kz.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір