• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:12:09
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 NEWS

Арысты қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау тағы шегерілді

Құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекте бітеді деп күтілуде.

Арыстағы апатта бүлінген 7613 үйдің 7166-сы жөнделіп жатыр. 447 үй қайта салынуда. Түркістан облыстық әкімшілігінің дерегінше, 7 мыңнан астам үйдің жөндеу жұмысы, 23 үйдің құрылысы толық біткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары өз секторларындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады. Қайта қалпына келтірумен айналысқан Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары да жұмысты тәмәмдаған.

Өңір басшысы Өмірзақ Шүкеев әкімдіктегі жиында құрылыс жұмыстарын жеделдетуді, 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

Бүгінде 62 әлеуметтік нысанның 56-сы тапсырылған. Қыркүйек айында Ақымбаев, Қонаев сынды орталық көшелердегі және Көктем ықшамауданындағы жұмыстар толық бітеді деп күтілуде.

Ескерте кетелік, қаланы қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімі осымен үшінші мәрте шегерілді. Бұрын 1 тамызға дейін, одан кейін 20 тамызға дейін аяқталуы тапсырылған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арыс құрылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір