• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 00:41:45
Алматы
+35°

Текелі қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады. Бақтияр Өнербаев тұтастай бір моноқаланың ауызсу мәселесін шеше алмай жатқанын мойындап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Өйткені, тұрғындар тіршілік нәрін бастаудан тасуға мәжбүр. Ал, орталықтандырылған ауызсу ішуге жарамайтын көрінеді. Күн ысыса, лайланып кетеді екен. Текелі қаласы тұрғындарын жаз бойы әбігерге салатын бұл мәселе қашан шешілмек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

"Мен халықтан кешірім сұраймын. Әкім ретінде осы мәселені шешпегеніме. Бірақ, бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Облыс әкімі де біледі, облыстық управлениедегілер де біледі", - деді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев. 

Білдей бір әкімді кешірім сұрауға мәжбүрлеген әлеуметтік желідегі  бейнежазба. Тұрғындардың айтуынша, краннан аққан ауыз су мүлде ішуге жарамсыз. Оны ішу былай тұрсын, жаңбырлы күні киім жуа алмаймыз. Қазір тек, дәретханаға пайдаланғанымыз үшін ақша төлеп отырмыз, - дейді.

"47 теңге ғой дим 1 кубына төлейміз. Егерде 3-4 куб болса, жүз бәлмебай теңге төлейміз. Ішу мүмкін емес. Топырақ татиды. Ал, менде немерелер келеді. Балаларға беру опасно мынандай суды беруге", - деді Текелі қаласының тұрғыны Дәния Ахметқызы.

Күнделікті тұтынатын ауыз суды тұрғындардың бірі сатып алса, ал, бірі ит-құс келіп, шөл басатын бастаудан тасып ішеді. Айналасы да санитарлық талапқа сай емес. 

"Алтыдан кейін келіп, осында кезекке тұрамыз. 1 сағаттай кезекте тұрып, әрең су алып кетеміз. Қолымызды тастай суға салып, неше түрлі ыдыстарды салып су аламыз", - деді қала тұрғыны Бердақ Буриев. 

Ең сорақысы шаһардағы №1-ші балабақша ұжымы да лай суды пайдаланып отыр екен. Алайда, мұндағылар оны мүлде тұтынбаймыз деп ақталды. Сөздеріне сенсек, ыстық суды қайта қайнатып ішеді екен. 

"Бізде ыстық су басқа жақтан келеді. Соны суытып қойып, қайнатып береміз. Жаман суды пайдаланбаймыз", - деді балабақша медбикесі Нәзипа Сұлтанқызы. 

Алайда, елі мекенді ауыз сумен қамтып отырған "Текелі су құбыры" мекемесінің басшысы бұл тіршілік нәрін жарамды деп санайды. 

"Ішуге жарайды ол. Неге десеңіз, біз күн сайын өзіміздің лобороториядан судың құрамын, тазалығын, бәрін тексеріп отырамыз. Айына бір рет өзіміздің СЭС-ке есеп береміз", - деді "Текелі су құбыры" ММ директоры Бақыт Сәлиев. 

Лай суды пайдаланып отырған тұрғындар мәселенің шешілуін талап етуде.

Ал, жауаптылардың сөзіне сенсек, таза тіршілік нәрін әлі бір-екі жыл күтулеріне тура келеді. Өйткені, қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір