• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:41:13
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:

  • 2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
  • бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;
  • күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);
  • қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);
  • көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).

Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір