• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:24:51
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2019 NEWS

Біз мәселемен емес, оның салдарымен ғана күресеміз. Неге?

Күллі әлемдегі қоғамдық мәселелер санатының алғашқы қатарында тұрған түйткіл – құмар ойындарға деген көпшіліктің, әсіресе жастардың қызығушылық танытуы.

«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» деген қазақтың мәтелі осы жерпде орайын табатын секілді. Түрмесіз тұрмыс құрып, қорасыз мал баққан қазақтың дархан даласын қазір казино сынды адамдықтың азғындық шегін анықтайтын орындар басып кетті.

Жасы да, жасамысы да қолындағы қаражатын қартаға салып, қалтасын қапмпайтуға қарекет қылатындар көп. «Әттеген-ай» дегізетін жайттар көп. Миллиондарды бәске сала қылшығы қисаймайтын азаматтардың көпшілігі бұ бәледен аулақ. Ал қолына қомақты ақша ұстап көрмеген пақырлар барын бәске тігіп, артынан сан соғып, бармақ шайнап отырады.

Құп! Сол көптің наласымен қалдырған ақшасын «пәшкілеп» жинап, шалқып жүргендер – ойын орталықтарының, букмекерлік кеңселердің иелері. Оларға да өкпе арту қиын. «Казино» дегенді естігенде азаматтың аты үркіп тұрса бәзбіреулердің шаһар шетінен казино соғып, тура жолынан тайқуы неғайбыл.

Ай көлемінде ірі қалалардан ойын аппараттарын алып тастау науқаны жүріп жатыр. Дүкеннің кіреберісінде, жертөлелерде көз тартып тұратын темір қораптың «құдіретіне» бас қойғандар бұған разы емес, әрине.

Құмар ойынға баспанасын, көлігін салып, қара жаяу болып қалған қандастар саны аз емес. Олар қомақты қаражатты дүкеннің кіреберісінде емес, қызылды-жасылды казинолардың кассасында қалдырады.

Ал әлгі жаншылып жатқан көк қораптардың қомақты қаражат жұтатын қауқары шамалы. Оны жағалайтындардың да әлеуеті әмбеге аян. Қалта түбінде үзілуге шақ тұрған екі жүз, бес жүз теңгені әуре қылады көпшілігі.

Енді бізде мына сұрақ: Осындай аппараттарды жаншып, еліміздегі құмар ойынға деген әуесқойлыққа қарсы «қарқынды» жұмыс жасап жатырмыз деп ауыз толтырып айтқан қаншалықты дұрыс?

Букмекерлік кеңсе сайттарында жасы кәмелетке жетіп үлгермеген жеткіншектердің аккаунт ашып, жеңіл ақшаның дәмін татып жүргені өтірік емес.

Заң бар, тыйым бар. Қолда бар мүмкіндіктермен жазаны қатаңдатсақ, қанша отбасыдағы жанжал кеміп, ажырасу фактілерінің азаюына қарлығаштың қанатымен су сепкендей себеп болар едік.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір