• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:49:46
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 Аймақтар

Түркістан облысындағы лагерден шу шықты

Қарабұлақтық ата-аналар балалар лагеріндегі әлімжеттік ашу-ызамызды туғызды дейді. Балаларын алып кетуге келген ата-аналардың айтуынша, мұнда ұрып-соғумен бірге 100 рет отырғызып-тұрғызу қалыпты жағдайға айналған. Ал бірі баласының денсаулығына елеулі зиян келгенін айтады

"Түркістан облысы, Сайрам ауданының балалар лагерінің бірінде ересектер балаларымызды ұрып-соқты" деп ата-аналар шағымданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарабұлақтық ата-аналар балалар лагеріндегі әлімжеттік ашу-ызамызды туғызды дейді. Балаларын алып кетуге келген ата-аналар мұнда ұрып-соғумен бірге 100 рет отырғызып-тұрғызу қалыпты жағдайға айналған дейді. Ал бірі баласының денсаулығына елеулі зиян келгенін айтады", - дейді 31 телеарна тілшісі.

"Барсам 4 келі салмақ тастапты. Грыжасы ісіп кетіпті. Алып қайттық", - дейді осында демалған баланың анасы Айбүбі Әбдірайымова.

"Отырғызып-тұрғызады дейді, олай істей алмасаң екі алақаныңды маңдайға қойғызып, содан ұрады дейді. Басымыз қатты ауырады содан дейді. Грыжасын шығарып жіберіпт", - деді Сайдрасул Әбдәзімов.

Лагерь басшылығы мұның бәрі жала дейді.

"Лагерьге барып келгеннен кейін осындай "машонкасында" ісік болды деген экспертизалық қорытынды шықса, онда әңгіме басқа. Қаратайық, сараптамадан, жаладан қорықпаймыз. Ақ-қарасын заңды түрде ажыратуға дайынбыз", - деді лагерь жетекшісі Венера Якубова.

Иә, ата-аналар жаппай шағымданғанмен, тек бір бала ғана дәрігерлік тексеруден өтетін болды. Өйткені жарақат белгісі сол бір балада ғана бар болып шықты.

Ал жазалады деген жоғары сынып оқушысы былай дейді: "Төбелесіп жатыр екен. Содан жазалау үшін отырғызып-тұрғыздым."

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір