• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:21:37
Алматы
+35°

17 Шілде, 2019 Маңғыстау облысы

Қазақстанды Өзбекстанмен жалғайтын жаңа автожол ашылды

Мемлекетаралық маңызы бар осынау елеулі жоба Қазақстан және Өзбекстан елдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтың артуына септігін тигізетін болады.

Бүгін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.

Бұл жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан Республикасы арқылы өзге елдерге  шыға алатын болады. Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропа бағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады. 

Жолдың жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірлік техника жұмылдырылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір