• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:01:47
+35°

29 Шілде, 2019 NEWS

Әкім өртенген үйден уланған баланы алып шықты

Он бір жастағы қыз өртке оранған үйден өзі сытылып шыға алмаған. Улы газға тұншыққа жасөспірім есін жоғалтқан.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Мало-Убинка ауылының әкімі Сергей Сомов көршісінің өртке оранған үйінен есінен танған оон бір жасар қызды құтқарып қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға түн ортасында болған. Көрші үйдің жанып жатқанын көрген ауылдық округ әкімі Сергей Сомов ауладан үй иесін жолықтырады. Ауызғы үй жанып жатқандықтан, әжей іште қалған 11 жастағы қызға көмектесе алмай тұрғанын айтады. Әкім терезені шағып кіріп, еденде ес-түссіз жатқан қызды алып шыққан. С.Сомовтың әйелі жасанды жолмен дем берген кезде ғана қыз есін жиған.

"Бала үйде ессіз жатқан. Сергей Сомов қызды қою түтін арасынан тапқан. Қызыл жалын 70 шаршы метр үйді отқа орады. Отбасы-дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері зардап шеккендерді Өскемен қаласына жеткізді. Қыз бала әуелі жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын. Ал әжесі уланып, денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір