• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:50:18
Алматы
+35°

Сот Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын бостандыққа шығарудан бас тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Судья Ермек Шымырбаев Жәкішевтің мемлекетке келтірілген шығынды толық өтемегенін айта кетті. Оның өзін үшінші дәрежедегі мүгедектігі мен түрмеде өзін тәртіпті ұстауы да босап шығуына себеп болмайтынын айтты.

Жиналғандар "Ұят! Масқара!" деп айғайлап, өз наразылықтарын білдірді. 

Айта кетсек, бүгін 10:00-де Семей қаласында Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы сот отырысы өтті. 

Ол 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын өтеуге алдымен Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге жіберілген, кейін Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында болды. 2015 жылы туыстары, адвокаты мен құқық қорғаушылардың өтінішінің арқасында ол Долинкадан қайта Заречныйға жіберілген. Бірақ 2017 жылы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты тергеу ісіне қатысу үшін Астана қаласының изоляторына этаппен жіберілген. Тергеу ісі аяқталған соң мамыр айында Долинкаға, ал шілде айынан бері Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

Еске сала кетсек, «Қазатомпром» экс-басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев соңғы медициналық тексерілуден соң оның бас ми жүйесінде ақау бар екені анықталғанын айтқан болатын.  Кейін былтырғы жылдың 17 шілдесінде Жәкішовті Қарағанды облысындағы колониядан ШҚО-облысы Семей қаласындағы қатаң режимді колонияға ауыстырды. Осының себебінен Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы тағы да нашарлай түсті.

Ал жазда оның жағдайы мүлдем асқына бастады. Жәкішев үшінші топтағы мүгедек қатарына қосылып, жұмыс жасау қабілетінің 50 пайызынан айырылды. Сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің жоғары қан қысымның кесірінен көздің ішкі тор қабығы жарылып кеткен. Күз  мезгілінде Қарағанды қаласында Жәкішевтің көзіне операция жасалды. 

Бұл аз болғандай, қыркүйек айында Мұхтар Жәкішевтің анасы қатты сырқаттанып қалды. Жәкішев хәл үстінде жатқан науқас анасымен кездесуіне рұқсат беруін сұрап, өтініш жазды. Алайда 18 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің анасы қайтыс болды. Кейін қаралы хабарды естіген Мұхтар Жәкішев анасын соңғы сапарға шығарып салуды сұрап, өтініш жазды. Бірақ оған мұндай мүмкіндік берілмеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір