• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:36:58
Алматы
+35°

24 Шілде, 2019 Саясат

Жер дауы: "Шетелдік инвесторларға жалға да, жеке меншікке де берілуі мүмкін"

Жерді шетелдіктерге жалға беруді, жекеменшікке сатуды көздейтін даулы 23-бап жер кодексінен әлі күнге дейін алынып тасталған жоқ.

Жер дауы бұл күндері қайтадан жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болып барады. Күні кеше премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жер мәселесіндегі мораторий жарияланған баптарды қарау Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне тапсырылатынын мәлім етті. Ал әлеуметтік желіде "жер шетелдіктерге жалға беріледі, сатылады-мыс" деген әңгімелер желдей есуде. Соның бірін "Алаш жолы" жалпыхалықтық қозғалысының жетекшісі Мақсат Ілиясұлы өзінің фейсбуктағы парақшасында жазып жүр. Осы орайда "Қамшы" тілшісі Мақсат Ілиясұлымен хабарласып, мән-жайды сұраған болатын.

– Фейсбуктағы "Шетелдік инвесторларға жер жалға да, жеке меншікке де берілуі мүмкін" деген жазбаңыз қызу талқылануда. Бұл мәлімдемелеріңіздің қандайда бір заңдық негізі бар ма?

– Мұның кем дегенде екі заңдық негізі бар. Жерді шетелдіктерге жалға беруді, жекеменшікке сатуды көздейтін даулы 23-бап жер кодексінен әлі күнге дейін алынып тасталған жоқ. Бұл біріншісі. Ал екіншісі – инвестициялық жобаларға жер конкурссыз беріледі деген арнайы ереже.

– Сіз айтқан даулы баптарға мораторий жарияланған. Президент оның мерзімі бітетін 2021 жылдың желтоқсанына дейін түпкілікті шешім қабылданатынын, жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұған не дейсіз?

– Үкіметтің жуырдағы бірлескен отырысында Тоқаевтың айтқан бұл сөздерін бәрі естіді. Десе де оған дейін әлі уақыт бар. Биліктің нендей қулық ойлап табатынын болжап болмайсың. Жер мәселесімен шұғылданып жүрген Мұхтар Тайжан да биліктің айтқанын қайталап жүр. Заң қабылданғанға дейін олардың ешқайсысына сенуге болмайды.

– Ал арнайы ереже деп отырғаныңыз қандай ереже?

– Ол жоғарыда айтқанымдай, инвестициялық жобаларға жерді конкурссыз беруді көздейді. Үкімет жуырда президенттен "Kazakh invest" Ұлттық компаниясымен бірлесіп алдағы 3 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніне ірі шетелдік корпорацияларды тарту туралы тапсырма алды. Ізінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі "Kazakh invest" ҰК-мен кездесу өткізіп, инвестициялық жобаларды тарту мәселесін талқылады. Алматы облысының инвестициялық порталына (http://invest.alm-reg.kz/kz/Investoru/Zerd_alu/) кірсеңіз жер учаскелерін бөлудің ережесі тәптіштеп жазылған. Онда былай дейді:

"Жер учаскелерін алу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жер қойнауын пайдалану құқығын аймақтық дәрежеде алу мақсатында мемлекеттік көмек түрлерін алу үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің (ары қарай ӨҮК) шешімі негізінде жобаны инвестициялық деп тану керек.

Бұл жағдайда ӨҮК-нің оң шешімі берілсе, инвестициялық жобаға жер учаскесін бөлу байқауға қатыспай-ақ тікелей келісім арқылы жүргізілетінін атап өткен жөн".

"Алаш жолы" жалпыхалықтық қозғалысының жетекшісі Мақсат Ілиясұлымен сұхбат осылай өрбіді. Әңгіме барысында айтылған Алматы облысының инвестициялық порталындағы деректер анықталып, қосымша хабарланады.

Қамшыгер

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жер дауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір