22 Шілде, 2019 NEWS
Полицияға көмектескен азаматқа 10 миллион теңге сыйақы төленді
11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген.
Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасады деп айыпталған күдікті Руслан Сексембаевты тұтқындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталды.
⠀
Сексембаев клиенттерге кепілдегі жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуға көмек көрсетем деп уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы оларды өзінің жеке шотына қаражат аударуға көндіріп, артынан бой тасалаған.
⠀
Күдіктіні ұстауға жәрдемдескені үшін Kaspi Сексембаевтың орналасқан жері туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы төледі. Бұл азаматтың аты-жөні оның қауіпсіздігі мақсатында және тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір