• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:01:44
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіті.

"Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әкесі 60 жасында ислам дініне бет бұра бастаған. Әкесі Кемел Тоқаев 63 жасында қайтыс болған. 

"Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады", - деп еске алды Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір