• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:37:20
Алматы
+35°

21 Шілде, 2019 Оқиғалар

Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты Білім министрлігі мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қазақстан білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Шымкентте табылған есірткіге қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан өзінің фейсбук парақшасында жариялаған. 

"Қазақстанның бірнеше бұқаралық ақпарат құралында Шымкент қаласы университеттерінің бірінің спорт кешенінде жедел іс-шаралар жүргізу кезінде есірткі притоны табылғаны туралы жаңалық жарық көрді. Аталған факті бойынша ол жекеменшік оқу орны екенін хабарлаймыз. Жоғарғы оқу орнына мемлекеттік білім беру тапсырысы берілмеген", - деді кеңесші.

Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсатта орын-жай беру" бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде", - деп атап өтті Ерболат Мұхамеджан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір