• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:26:12
Алматы
+35°

19 Шілде, 2019

Кайдзен жүйесінің кереметтері

Кайдзен жоба күйінен бастап, сервистік қызмет көрсетуге дейінгі барлық жұмыс барысын қамтиды

 



Кайдзен — үздіксіз жұмыс жасайтын жүйені жақсарту, шағындарды толық жою, кірісті арттыру, сапа мен қауіпсізкті арттыру мақсатында компанияның барлық қызметкерлерін ұтымды жұмыс тәсіліне тарту.

"Кайдзен" жүйесінің сіз білмейтін ерекшеліктері:

  1. Кайдзен жоба күйінен бастап, сервистік қызмет көрсетуге дейінгі барлық жұмыс барысын қамтиды.
  2. Кайдзен "КАМАЗ" ААҚ-дағы жұмыс барысында әрбір қызметкермен кәсіпкерлік түрде іске асырылады.
  3. Кайдзен "қалай бар, солай" деген қағидадан бастап кірістің шыңына дейін алып барады.
  4. Кайдзен ЖІБЖ (жоспарла, істе, бақыла, жақсарт) методикасымен биікке жетелейді.
  5. Кайдзеннің жұмысы сіздің қалыпты жұмысыңызды толығымен өзгерткен кезде ғана аяқталады.
  6. "Кайдзен" негізінде – функцияаралық топтың командалық жұмысы

"Кайдзен" жүйесінің мәні:

"Кайдзен" пәлсапасы тек қана жобаның жасалу процесін бақылап қана қоймай, сол процестің жақсарып, дамуын барлық уақыт ішінде қамтамасыз етеді.  Бұл тәсіл жұмыстың жүйелілігін назарда ұстап, оның жеткен межеде тоқтап қалуына жол бермейді.

Кайдзен технологияның түп тамырын өзгертпестен және де капиталды қаржыны талап етпестен оның жақсаруына мүмкіндік береді.

Кайдзен жүйесімен табысқа жеткен жандар саны аз емес. Олардың барлығы да өмірлік ұстанымдарын дәл осы жүйемен байланыстырып қойған.

Жүйе жапондық болғандықтан олардың бұл туралы түсінігі өте ерекше. Олар оны стандартты қамтамасыз ету және жақсарту деп түсіндіреді. Ал, егерде қызметкер қалыпты жүйемен жұмыс жасай алмай жатқан болса, онда оны үйрету керек. Қолынан тіпті келмесе стандартты да ауыстыру қажет. Әрбір істің қайтарымы болатындықтан жүйе қызметкерлерге, басқаларға көмек қолын созуды да ұсынады. Адамдар бұл жерде қателесуден қорықпайды, себебі қателігінен де табыс алуға болатынын біледі.

"Қателіктен емес, қателікті қалпына келтіре алмаудан қорқу керек"

Қолдау мен инновация шамамен әртүрлі пропорцияда есептелінеді. Ал соңғы үлгіде жасалғандары тіптен керемет болады. 

"Кайдзен" жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі бұл — гемба. 

Гемба

Әдетте көбісі оны проблеманың басталатын жері деп қабылдайды да, жүйені тастап қаша жөнеледі. Ол – дұрыс емес стратегия. Қолыңды  суға салмай жатып ыстық дегенмен бірдей. Гембаны шешудің ең басты жолы – ол жұмыс орны. Жұмыс жүріп жатқан жерге барып: "Неге бұлай болды?", "Не істеу керек?", "Шешімі қандай?" деген секілді сауалдарға жауап іздеу қажет. Сонда ғана нәтиже шығады. 

Ия, осының барлығын оқып отырған кезде сіз өзіңізге көптеген сұрақ қойдыңыз. Мысалы "Пайдасы қандай?", "Мен оны жасай аламын ба?" деген секілді. 

Біріншіден, өмірдің әр сәтінде өзгеріс бар екенін ұғу. Сіз дәл қазір алдыға жылжудасыз ба, әлде артқа шегінудесіз бе, соны анықтау. Біз өзімізге ешқашан жамандық ойламаймыз, сол себепті де қажетті курстарға жазылып, өз өмірімізді жақсартуға болатынын түсінеміз. Қысқа қадамдармен үлкен арманға жету бұл — өнер. 

Екіншіден, ешкімге дауыс көтеріп, сөгіс жарияламайтын бастықтардың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сіз өз қызметкерлеріңізге барынша қолдау көрсеткен сайын олар да, сіз де шыңдаласыздар.

Басты қағидалардың бірі және бірегейі. Өзіңді, айналаңды, әлемді, жасап жатқан жұмысты сүйе біл. Сонда ғана мақсатыңның шыңына шығып, арманыңның туын желбіретесің. 

Д.Аллен айтқандай:

Көптеген жұмыстың бір орында тоқтап қалуы, ол жұмыстың басталмағаны.

Бір орында тұрмай, тоқтамай еңбек ету – адамзаттың ең басты жетістігі.

Автор: Жұлдыз Мұқанова

 

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір