• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:39:29
+35°

19 Шілде, 2019 Әлем

Бос плакатпен тұрған журналист қамауға алынды

Біршама уақыттан кейін, Кондратьевты хаттама толтырмай босатты

Avtozak Live журналисі Максим Кондратьев Қызыл алаңға бос плакатпен шыққаны үшін қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кондратьев Ресейдегі бейбіт шеруге шығу құқының бұзылуына көпшіліктің назарын аударғысы келгені ақиқат. Бірнеше минуттан кейін журналисті полицейлер ұстап, аудандық бөлімшеге алып кетті.

Біршама уақыттан соң, Кондратьевты хаттама толтырмай босатқаны белгілі болды. Тек "профилактикалық әңгіме" ғана өткізді.

Ертеріңізге сала кетейік, 6-маусым күні Оралда 22 жастағы Аслан Сағутдинов бос плакатпен тұрғаны үшін қамауға алынып, жарты сағаттан кейін қайта бостандыққа шықты. Бірақ келесі күні полицейлер оның іс-қимылында "бейбіт митинг өткізу туралы заң бұзушылық әрекеті бар" деп қайтадан қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша,  олар плакат үшін емес, ер адам "өз ойын" білдіргені үшін ұсталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір