• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:12:25
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 NEWS

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Атырауға жұмыс сапары кезінде кеңес өткізіп, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің әлеуметтік – еңбек саласы бойынша берген тапсырмаларына қатысты мәселелер талқыланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
 
Жиынға еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, еңбек инспекциясы басқармаларының, мемлекеттік кірістер, еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция департаменттерінің, жұмыспен қамту орталықтарының, өнеркәсіп кәсіпорындарының, үкіметтік емес ұйымдардың және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.
 
Кеңеске қатысушылар адресті әлеуметтік көмек беру, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелерін қарады.
    
"Осы жылдың 1 сәуірінен бері өкілетті органдарға 14 314 адам АӘК бойынша ақыл-кеңес сұрап келді. Оларға толық мағлұмат және ұсынымдар берілді. Бүгінгі күнге 32 670 адам бар 5 748 отбасына жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге адресті әлеуметтік көмек тағайындалды",-деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.
 
Өз кезегінде Б.Сапарбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, бірқатар өзекті мәселелеге назар аударды.
 
Президенттің тапсырмасына сәйкес АӘК-ьі тағайындап, төлеуде бұзушылықтарға жол бермеуді, учаскелік комисиялардың жұмысын күшейттіп және еңбекке жарамды жәрдемақы алушылармен әлеуметтік келісім-шарт жасау керек екенін министр атап өтті.   
 
Еңбек министрлігінің басшысы айрықша назар аударған тағы бір мәселе – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыздарды және өзін-өзі қамтып отырғандарды еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
а
 
"Ағымдағы жылы жастарды, мүгедек жандарды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын мемлекеттік қолдау шаралары едәуір кеңейтілді – жеңілдетілген шағын несиелер беру, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар бөлу, үйінде істейтщін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, бизнес негіздеріне және сұранысқа ие техникалық мамандықтарға үйрету бойынша. Президенттің тапсырмасымен осы мақсатқа қосымша 50 млрд. теңге бөлінді",- деп атап өтті ол. 
  
Сондай-ақ, кеңес барысында мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау шаралары талқыланды. Министр аталған санаттағы азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен толықтай қамтамасыз етудің, олардың барлық сапалық және техникалық талаптарға сай болуының маңызын басып айтты.
 
"Техникалық құралдардың қолдануда ыңғайлы болып, өмірлерін шын мәнінде жеңілдетуі өте маңызды. Ақтөбеде «Әлеуметтік қызметтер порталы» пилоттық жобасын іске асыру басталды. Бұл мүгедек жандарға мемлекеттік сатып алуға қарамай, қажетті техникалық құралдар мен қызметтерді өз бетімен, өзінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып алуға мүмкіндік береді. Жалпы, мүгедек жандардың құқығын қорғау, өмір сапасын қамтамасыз ету министрліктің қызметінде басымдыққа ие",-деді Б.Сапарбаев. 
 
Еліміздің барлық облыстарында оңалту орталықтары қызмет етуі тиіс. Келесі кезеңде аудандарда шағын комплектілі орталықтар ашылатынын айтты министр.  
  
Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсартудың 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары қабылданды. Онда әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шаралар кешені қаралған.
 
Бердібек Сапарбаев өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларына қызметкерлердің еңбек құқығын мүлтіксіз сақтау, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекақы бойынша борыштарды болдырмау қажеттігін және қазақстандық қызметкерлерді шетелдіктермен салыстырғанда кемсітуге жол бермеу керек екенін қаперледі. 
 
Атырауға жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаев арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының және халықты жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір