• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:27:49
Алматы
+35°

17 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Қытай «Азиялық НАТО» әскери одағын құруы мүмкін

Бірақ Си Цзиньпиннің дегені бола қояды деп айту қиын

Бұл туралы әңгіме бірінші рет айтылып отырған жоқ. Бұған дейін де бұл тақырып сөз болған, қозғалған. Қазір АҚШ сарапшылары қалыптасқан жағдайды бағамдай келіп, таяу арада Қытай жанына өз жақтастарын жинап, Азияның шығыс жарты құрлығында «Азиялық НАТО»  құруы мүмкін деген ақпарат таратып жатыр.

Бұл шындығында ақиқат па, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ әлемдік құрлықтағы алпауыт елдер өздерінің қауіпсіздігі мен мүддесін көбірек ойлай бастады. Америкалық тарап, Қытайды тұқыртудың сан түрлді амалдарын жасап жатыр. Ақ үй Қытайға сауда соғысын ашты. Енді міне Азияның шығыс аймағында «Азиялық НАТО» құрылуы мүмкін деген жорамалға кезек беріп отыр. Расында қазір және бұрыннан Ресей мен Қытай және Солтүстік Корея арасында жылымық саясат бар. Дональд Трамптың Ким Чен Ынмен қайта- қайта кездесіп, саммит өткізіп жатқанының сыры да бар. Мәселені күрделендірмей, Солтүстік Кореядағы «оқтұмсық баланы» райынан қайтару. Қазірдің өзінде екі тарап екі рет  кездесті.

Ал қытай лидері Си Цзинньпин Душанбеде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары (СВМДА) ұйымына мүше елдердің басшыларымен кездесті. Ол жерде әрине, «Азиялық НАТО» ұйымын құру туралы ашық әңгіме болған жоқ. Бірақ  БАҚ бетінде айтылғандай, «аталған құрлықтағы елдердің барлық даму ерекшеліктерін ескере отырып қауіпсіздік мәселесі» сөз болғаны  рас. Бұл жайтты көптеген халықаралық сарапшылар «Азиялық НАТО» әскери ұйымын құрудың басталуы" деп те жариялап та жіберді.

Мақұл, Қытай Ресеймен бірігіп отырып, әскери одақ құрды дейік.  Сонда Қытай кімге шабуыл жасамақ?  Жалпы Қытайдың кез келген саладағы жетістігі ең алдымен америкалықтарды үрейлендіреді. «Қытай қаупі» деген саяси халықаралық саяси терминді де америкалық сарапшылар ойлап тапқан" деген дақпырт бар. Бірақ «соғыс ашпай билеу» саясаты ресми Пекиннің басты ұстанымы екенін ешқашан жоққа шығаруға болмайды. Қытай қазір жанына саясаттағы сенімді достарын жинап жатыр. Жалпы «Азиялық НАТО» ұйымы мәселесі қазір тектен текке көтеріліп отырған жоқ. Өйткені, АҚШ Тайваньдағы оқиғаларға астыртын болса да ықпал етіп, олардың қолтығына су бүркіп отыр. Бұл жер Қытай провинциясы саналса да, Ақ үй осылай Қытайдың іргесін шайқалтпақ.  Ақ үй Тайваньды өзіне тіреу етпек.

Бірақ  «Азиялық НАТО» құру  туралы болжам  өміршең болады деп айту қиын. Өйткені,  Азия-Тынық мұхитын аймағында АҚШ-тың Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия сияқты одақтастары бар. Сондықтан әскери одақ құруға ниеті болғанымен, Си Цзиньпиннің дегені бола қояды деп айту қиын. Десек те, бұл аймақта Пекинге мүдделес  елдер бар. Олар Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық ұйымы, БРИКС тобы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары (СВМДА), сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер.  Экономикалық мақсатты көздегенімен, бұлардың астарында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі де жатуы мүмкін. Десек те, «Қытай Азияның шығыс аймағында НАТО -ға ұқсас әскери одақ құруы мүмкін» деген болжам шындыққа жанаспайды. Егер бұл жорамал шындыққа айналысатын болса, халықаралық жағдай тіпті шиеленісе түседі. Ал жағдайдың  күрделенгені, ресми Пекинге керек емес.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір