• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:57:02
Алматы
+35°

17 Шілде, 2019 Music

"Славян үміті": Әділхан Макин Лукашенко тағайындаған сыйлыққа ие болды

Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен "Славян базары-2019" байқауында бас жүлде жеңіп алды.

Әділхан Макин "Славян үміті" президенттік сыйлығына ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші 15 шілдеде "Славян базары-2019" xалықаралық фестивалінің жабылу салтанатында Гран-При жүлдесімен бірге Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко биыл алғаш рет арнайы тағайындаған "Славян үміті" президенттік сыйлығына ие болды. Бұл сыйлық Әділxан мен көрермендер үшін тосынсый болды.

"Славян үміті" (Славянская надежда) сыйлығын Беларусь мемлекетінің басшысы вокалдық тұрғыда славян музыка өнерінің тақырыбы мен мазмұнын биік деңгейде аша білген ең үздік әншінің шығармашылығын қолдау үшін тағайындаған болатын. Беларусь президентінің арнайы сыйлығын Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Игорь Петрешенко табыс етті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен "Славян базары-2019" байқауында бас жүлде жеңіп алған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір