• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:52:11
Алматы
+35°

15 Шілде, 2019 NEWS

Тоқаев жабылатын несиелер туралы: Бұл іспен енді айналыспаймыз!

Аз қамтылған отбасылардың несиесі 1-қыркүйекке дейін жабылады.

Еліміздегі аз қамтылған отбасылардың қарызын толықтай жабу науқаны ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне дейін өтелмек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қарыз өтеуге қауқарсыз адамдардың несиесін төлеу туралы бұйрығының жүзеге асу барысы туралы сұрады.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл бұйрықты жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржы мекемесі екі блокка бөлініп жұмыс жасауда.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүргізіліп жатқан адамдардың несиесі туралы ақпарат пен олардың әл-ахуалы туралы мәлімет алу жұмыстарын осы аптада аяқтаймыз. Ал келесі аптадан бастап біз екінші деңгейлі банктер мен кіші қаржы ұйымдарымен, проблемалы несиелер Қорымен келіссөздер жүргізе бастаймыз. Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне дейін банк тарапынан бұл жұмыстар аяқталады деп ойлаймыз", - деді Досаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде бұл жұмысты Үкімет пен Президент әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалап отыруды тапсырды.

"Біз бұл акцияны бір рет жарияладық. Әрі қарай бұл жұмыспен айналыспаймыз, айналысуға құқығымыз да жоқ. Бірақ халыққа жария етілген дүние өз уақытында, сапалы орындалуы тиіс", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының президенті азаматтардың ахуалын жақсарту үшін несиелерді және пайыздық үстемелерді төлеу туралы бұйрық шығарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір