• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:21:34
Алматы
+35°

Қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (-60 кг) пен Елдос Жұмақанов (-66 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірген жоқ. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің Торнике Цжакадоеаны ұтты. Ал Е.Жұмақанов испаниялық Гайтеро Мартин Альбертоны уақытынан бұрын, таза жеңді.

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.  Ал, Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты. 

Аталмыш додаға әлемнің 82 елінен 550-ге жуық дзюдошы қатысуда. Қазақстаннан 16 спортшы барса, соның 12-сі - ерлер. Әйелдер арасында қазақстандықтар Анна Казюлина (-52 кг) мен Севара Нишанбаева (-57 кг) жарыс жолынан ерте шығып қалды.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір