• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:29:13
Алматы
+35°

12 Шілде, 2019 Сұхбат

Амандық Батталов: Көп дүниені халықтан үйрендім (видео)

Қазір мен аудан аралауды жақсы көремін. Мен осы қызметіме 2001 жылы келгем. Сол жылдары аудан ауданаға 5 млн теңге беретін. Сол қаржыға суын жасап, жолын жөндеп, көшелерді тазалап, үйлерді жаңартып, халыққа көмектесу керек. Ал қазір елбасының істеген ісінің арқасында қазіргі экономиканың дамуының арқасында қаншама қаражат бөлініп жатыр?!

Алматы облысы аумағы жағынан үлкен облыстар қатарында. Сол себепті де мәселелер де өте көп. Халық өзінің мәселелер  әкіммен кездесу жиындарында айтып қалуға тырысады. Кейде ашулы бір топ адам жиналып өз жағдайын айтатын жайттар болады. Сондай кезде мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтау қаншалықты қиын?

Мен оңай деп айтар едім. Себебі халқымыз өте жақсы, түсінігі мол. Енді арасында халықты одан әрі ашуландырып, болмағанды болды дейтін адамдар болады. Шешіліп қойған мәселелерді білмейтін адамдар да кездеседі. Бірақ этиканы сақтау қолдан келеді. Мен қатал басшы деп айтады. Енді өзім құрылыста да жұмыс істедім.  Құрылыста жұмыс істеп жүргенде бізге «мынаны істейсің бе, істемейсің бе» деп ешкім басымыздан сипаған жоқ. Тек тапсырма береді, ал сен бітіуге міндеттісің. Ал қалай бітіруің өзіңнің тәжірибеңе байланысты. Мен бұл қызметте де өзімнің қол астымдағы қызметкерлерге қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп, бағыт-бағдар көрсетемін. Ал егер тапсырманы орындамаса қаталдық танытамын. Ал халықпен жұмыс істеу кезінде ешқашан өтірік айтпау керек деп ойлаймын. Егер шыныңды айтсаң халық түсіністік танытады. Бірақ кейде заңсыз нәрселерді де «шешіп беріңдер» деп талап етіп жатады. Мен заңсыз мәселені шешуден бас тартқаныммен, көмектесіп, жолын тауып беруге тырысамын.

Осыдан бірнее жыл бұрын «Думан» ықшамауданында халық сол жерді басып аламыз деп шеруге шықты. Сол жылдары сіз Алматы облысы әкімінің орынбасары болып қызмет еттіңіз.  Тура митингіден кейін ертесіне сіз ашулы халықтың қасына бардыңыз. Сондай-ақ Талғарда су басқан кезде де сіз ашынған жұрттың жанынан табыла білдіңіз. Көмекшінің кеңесінсіз-ақ облыс басшының мәселені өз көзімен көру үшін халықтың жанына баруы көпшілік құптайтын қалыпты жайт. Бұрынғының хандарындай жалғыз халықтың жағдайымен танысқыңыз келмей ме?

Мен көп жерге бір топ нөкерлеріммен барып жатқаным жоқ. Кеше Ұйғыр ауданына мен көмекшіммен бірге бардым. Өзім араладым, халықпен сөйлестім. Қаланың ішінде мен осындай жерге барамын, телеведениені дайындаңдар, ананы-мынаны дайындаңдар деп тапсырма бермеймін. Өзім аралап, мәселелермен танысып тапсырма беремін. Немесе қала сыртына шыққан кезде жан-жағыма қарап, бақылап отырамын. Бір жерде қоқыс жатады, бір жердің жолы жөнделмеген болады. Осылардың бәрін бақылап, тапсырма беремін.  Ескертусіз облыс аралайтын кездерім жиі болып тұрады. Бірақ ресми түрде баратын жерлер де болады. Мысалы кеше Қаратал ауданына бардым. Біз 40 және 60 пәтерлі үйді іске қосып, кілттерін табыстадық. Бұл жерде дайындық керек.

Бұл сұрақты не себепті қойып отырмын? Себебі кейбір әкімдер немесе президент баратын жерлерде алдын ала дайындық болады. Яғни жаманын жасырып, жақсысын асырып қояды. Сол себепіт біз сізге «бізбен осындай өңірге бара аласыз ба?» деп өтініш білдірсек ешқандай көмекшісіз бізбен бірге бара аласыз ба?

Иә әрине. Қазір мен аудан аралауды жақсы көремін. Мен осы қызметіме 2001 жылы келгем. Сол жылдары аудан ауданаға 5 млн теңге беретін. Сол қаржыға суын жасап, жолын жөндеп, көшелерді тазалап, үйлерді жаңартып, халыққа көмектесу керек. Ал қазір елбасының істеген ісінің арқасында қазіргі экономиканың дамуының арқасында қаншама қаражат бөлініп жатыр?! Қазір мен қайда қандай мектеп барын, қай жерде су құбырын жөндегенімізді жақсы білемін. Көп дүниені халықтан үйрендім. Маған кезінде елбасы қызылша мен жүгеріні көтер деп тапсырма берген болатын.   Қазір біз қызылшаны 14 мың гектарға дейін көтердік. Қазір жүгерінің де өнімі төмендеп кетті. Бұрын есіңізде ме жүгері жолдың бойында көп болатын. Бұрын 20-25 теңгеге тапсыра алмай қиналатын еді. Ал қазір 50-55 теңгеге сатып алып жатыр. Кейін мен ауыл шаруашылықта тәжірибесі бар адамдардан мұның себебін сұраған едім. Олар бұрын астық қоймалары болатын. Кейін соның бәрін жекешелендіріп тастады. Сол себепті жерге шашылған жүгерілер ызғардың бәрін өзіне тартып алады. Сол себепті бағасы төмендеп кетті. Кейін мен заманауи астық қоймасын салып бердім. Қазір жағдай жақсарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір