• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:11:52
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2019 Әлеумет

Туған жерді насихаттайтын жоба өз жұмысын бастады

Жобаның мақсаты – жастарды туған жерінің патриоты болуға баулып, оған кіршіксіз қызмет етуге шақыру.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Туған жер» атты жастардың патриоттық шығармашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Жобаның мақсаты – жастарды туған жерінің патриоты болуға баулып, оған кіршіксіз қызмет етуге шақыру. Жоба аясында «Адырна» ұйымы республикалық деңгейде үздік мақала (эссе, әңгіме), үздік поэзия, үздік бейнелеу өнері бойынша шығармашылық байқаулар өткізеді. «Үздік мақала» номинациясы бойынша жастар арасында үздік эссеге, әңгімеге, «Үздік поэзия» номинациясы бойынша жастар арасында үздік өлеңге, «Үздік бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жастар арасында үздік суретке, бейнеге, «Үздік өнертабыс» номинациясы бойынша жастар арасында үздік ғылыми, тұрмыстық және т.б. өнертабысқа байқау жарияланады. Байқауға Қазақстан Республикасының 14 бен 29 жас аралығындағы жастары қатысады. Қорытынды марапаттау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының «Туған жер» айдарына жарияланады.

Сонымен бірге Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзиялық байқау ұйымдастырады.

Жеңімпаздарды ақындардан, жазушылардан, суретшілерден, кәсіпкерлерден, журналистерден, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасы анықтайды. Барлық байқаулардың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында өтеді. Ал байқаудың ережелері алдағы күндері әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда егжей-тегжейлі жазылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір