• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:33:44
Алматы
+35°

03 Шілде, 2019 NEWS

Жарылыс болған әскери бөлім Арыс қаласында қала ма?

Жақында ғана жарылыс болған Арыс қаласындағы әскери бөлім ешқайда көшпетін болды

Жақында ғана жарылыс болған Арыс қаласындағы әскери бөлім ешқайда көшпетін болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ермиян Биятов, Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары:

–Арыстағы гарнизонда әскери бөлім осында қала береді. Бірақ қалаға қауіпсіз болады. Жарылғыш заттар жиналып біткеннен кейін олар Арыстан 60 шақырым жердегі арнайы полигонға апарылып, түгел көзі жойылады,- дейді.

Арыс қаласынан әлі күнге дейін табылған барлық снарядтарды әскерилер жинап алды. Арыста қазіргі есеп бойынша 27 үй жарамсыз болып қалған, оның 21-і өртеніп кеткен. Дәл қазіргі сәтте халыққа қажеттілігі жоғары нысаналар өз жұмысын бастап кеткен. Ең бастысы нанмен қаматамасыз етіп отырған наубайхана жұмыс жасауда.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:

–Су және электр энергиясы толығымен берілген. Барлық тасымалдаушы мекемелер жұмысына кірісті. Қаладағы үш наубайхана нанмен халықты қамтамасыз етіп отыр. Және қала аумағында 20-дан астам азық-түлік дүкендері толығымен жұмыс істеп  жатыр,- деді.

Естеріңізге сала кетейік Арыс қаласындағы жарылыс 24-мамыр таңғы сағат 09:00 де басталған болатын. Дер кезінде қала халқы эвакуацияланып, Түркістан облысындағы мектеп, үйлерге орналастырылған. 28-мамыр күні арыстықтар қайтадан үйлеріне қайтқан еді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір