• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:27:37
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Әлем

"Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы": Шейхты "лақтырып" кеткен әйел туралы қызықты деректер

Өткен аптаның соңында БАӘ-нің премьер-министрі, миллиардер шейх  Мұхаммеда ибн Рашид Аль Мактумның алтыншы әйелі қашып кеткенін жарыса жазған еді.

Өткен аптаның соңында БАӘ-нің премьер-министрі, миллиардер шейх  Мұхаммеда ибн Рашид Аль Мактумның алтыншы әйелі қашып кеткенін жарыса жазған еді. Хайя аль Хуссейн жай ғана қашып кетпеді. Өзімен бірге 11 жастағы қызы мен 7 жасар ұлын және жаңа өмір бастау үшін 40 млн долларын алып кетті. Оның қашып кетуіне неміс дипломаты көмектескені анықталды. 

Бүтін елді басқарып отырған шейхты "лақтырып" кеткен әйел туралы қызықты деректерді Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Иордания принцесса

Хайя бинт аль-Хусейн 1974 жылы 3 мамырда Иорданияда дүниеге келген. Ол Иорданияның бұрынғы каролі Хусейн ибн Талаланың 11 баласының бірі, қазіргі каролдің туған әпкесі. Сондай-ақ Хайя бинт әл-Хусейн Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы екен. 

Ол 2 жаста болған кезде оның анасы, Иорданияның патшайымы Алия жол апатынан қайтыс болды. Сөйтіп кішкентай ханшайым әкесінің тәрбиесін көреді. Кароль үнемі өзінің 5 қызына көп көңіл бөледі. Кароль Хусейн емалыс күндерінде күні бойы қыздарының қасынан табылады. 

Хайя бинт әл-Хуссейн

Иорданияның ханшайымы 2004 жылы 10 сәуірде  Мұхаммеда ибн Рашид Аль Мактумға тұрмысқа шығады. Алтыншы әйелі болған ханшайым 2007 жылы қызды болады. Оның туған күні БАӘ-нің тәуелсіздік күнімен сәйкес келген.  

Иорданиялық ханшайым өзінің білімділігімен, спортқа құмарлығы және сұлулығымен батыс пен шығыс халқын тәнті еткен. Ол шығыс елдеріндегі ең ықпалды әйелдердің бірі. Оған "аштықпен күрескен қаһарман" деген атақ берген. 

Хайя бинт әл-Хуссейн

Ханшайым Хайя Иорданиядағы бастауыш білімін және Англиядағы орта және жоғары білімін алды, ол қыздарға арналған Badminton (Badminton School) интернатында оқыды. Ханшайым француз, орыс, ағылшыннан басқа 3 тілді біледі.

Тұрмыс құрған соң да ханшайым қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып жүретін. Ол Иорданияда аштыққа қарсы күреске бағытталған "Tikyet Um Ali" атты алғашқы араб бейресми  ұйымын (Өмір сүру үшін тамақ ішу — Ред.) құрды. Қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі төтенше жағдайлардың алдын алу орталығы болып табылатын Дубай халықаралық гуманитарлық қалашығының (International Humanitarian City) төрағасы. 

Хайя бинт әл-Хуссей

Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, қазір Иорданияның ханшайымы Германиядан пана сұрап жүр. Сондай-ақ шейхпен ажырасуға құжаттарын дайындап жатқан көрінеді. Ханшайымның қашып кетіп, Германиядан паналауы БАӘ мен Германияның дипломатиялық дағдарыстың орнауына әкеліп соқты. БАӘ-нің шейхы әйелін елге қайтаруын Германиядан талап еткен. Алайда Германия билігі бұдан бас тартты.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір