01 Шілде, 2019 Аймақтар
Арыс қаласының 150 баласы жазғы демалыстарын Жетісуда өткізеді
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді
Арыс қаласының 150 мектеп оқушылары жазғы демалысының бір айын жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан лагерлерде өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Арыстық балаларды шілденің 10 жұлдызынан бастап қабылдаймыз. Балалар Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында орналасқан «Тау Жанашар» және «Күншуақ» лагерлерінде тынығып, қуаттанатын болады. Бұл іске бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді. Балдырғандардың демалысын қамтамасыз ету барысында арнайы бағдарлама құрастырылып, балаларды моралді-психологиялық қалпына келтіру мәселесі де қамтылады. Сонымен бірге, жетісу жерінің таңғажайып жерлері де олардың бойына қуат дарытып, демалысы ұмытылмастай әсер қалдыратынына кәміл сенімдіміз» - дейді облыс әкімі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір