• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:54:14
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 Саясат

Рубль қымбаттап, доллар арзандайды ма?

Дәл қазір теңгенің халықаралық және ішкі нарықтағы жай-күйі көз қуантарлықтай дәрежеде емес. Неге және қалай?

Кезектен тыс президент сайлауынан кейін де, жаңа президентті ұлықтау рәсімінен кейін де теңгенің девальвациясы орын ала қоймады. Бірақ сайлауға дейін ұлттық валютаның құлдырауы туралы қауіп болжамдар, алыпқашпа әңгімелер көбейген еді.

Бүгінгі валюта бағамына назар салсақ, 2019 жылдың 27-маусымындағы ресейлік валюта құны – 5,96 теңге. Осыған дейін 12-14 маусым күндері рубль құны 5,95 теңгеге дейін көтеріліп, қаржы мамандарының таңданысын туғызған. Бұл көрсеткіш – ешкім болжай қоймаған қымбатшылық. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, 1 рубль 5,5 теңге болған. Ал төртінші кварталдың нәтижесінде 5,56 теңгеге бағаланды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері ресейлік валютаның теңгеге шаққандағы құны аспандап кетті. 2019 жылдың І кварталында рубль құны 5,72 теңге, ал сәуір айында 5,87 теңге болды. Мамыр айында ғана сарапшылардың жыл басындағы қаупі айқындала бастағандай болды. Өткен айдың қорытындысында 1 рубльдің құны 5,86 теңгеге бағаланып, ешкім ойламаған дәрежеде көтеріліп кетті.

"Сағат тілін" артқа айналдырсақ... бұл рубльдің рекордты өсімі ме?

Ресейлік валютаның қымбаттауындағы рекордтық көрсеткіш екі жыл бұрын тіркелген. 2017 жылдың 26-қыркүйегінде рубль құны 5,96 теңгеге бағаланып, артынша аталған валюта қатты құлдыраған. Бірақ араға көп уақыт салмай, сол жылдың 5-қазанында баға 5,95 теңгеге дейін қайта өсті.

Рекорд!

2017 жылдың 6-қазанында тарихи рекордты көрсеткіш тіркелді. 1 рубль – 6 теңге. Бұл – бағаның шарықтау шегі еді. Осыдан кейін біршама уақыт тұрақтылығын сақтаған ресейлік валютаның құны қайта арзандай бастаған.

Рубль неге қымбаттайды?

1

Теңгенің әлсіреуіне қатысты айтылатын басты сылтау да, негізгі себеп те – өзге валюталарға сұраныстың артуы. Әсіресе, жаз айларында ұзақ мерзімге демалыс алған отандастарымыз шетелде демалу үшін валюта айырбастау пунктіне көп барады-мыс.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, сәуір айында қазақстандықтар ресейлік валютаны сатып алу үшін 52,3 миллиард теңге жұмсаған. Бұл сумма рубльді сатудан түскен қаржыға қарағанда, әлдеқайда жоғары. Бұл жыл басынан бергі максималды көрсеткіш.

Ал рубльдің теңгемен салыстырғандағы әлеуетін байқасақ та, бұл валютаның халықаралық нарықтағы жағдайы аса мәз емес. Қазіргі уақытта сарапшылар Ресей Федерациясына экономикасы жетекші елдердің тарапынан төнетін санкциялар нәтижесінде ресейлік рубльдің құлдырау қаупі туралы болжамдар көп айтылып жүр. Бірақ соңғы уақыттарда болжамдардың орын алу тағдыры бұлыңғырлау болып кетті. Өйткені, АҚШ-тың Қытайға сауда соғысын жариялаудан қолы босап жатқан жоқ. Сонымен қатар, Иран мен Венесуэлаға санкциялық қысым көрсетуі тағы бар. Осылайша, Ресейдегі қауырт емес мәселелер күн тәртібінен түсіп қалып отыр.

Егер АҚШ-тың Ресейге бағытталатын санкциялары өз кұшіне енер болса, бұл ұлттық валютаның нығая түсуіне себеп болмақ. Бұлай деуімізге бір негіз – қазіргі уақыттағы доллардың құлдырау кезеңінде тұрғандығы.

Дональд Трамптың жүргізіп отырған саясатын бағамдар болсақ, ол долларды айтарлықтай құлдыратуды тапсырып отыр. Өйткені, оның халықаралық саяси аренадағы басты қаруы – қаржылық-несиелік "соғыс ашу". Доллардың жедел құлдырауынан кейінгі мұнай бағасы тұрақтылыққа үйрене бастады. Бірақ... бірақ Парсы шығанағындағы танкерге жасалған шабуылдан кейін сарапшылар доллар құны рекордты деңгейге көтеріледі деп болжап отыр. Ал осындай дүниежүзілік жағдайлардан кейін мұны рубль өз пайдасына пайдаланып, күшін арттыра түсті.

Доллар өз күшіне енді. Алдағы уақытта рекордтық дәрежеге көтеріле ме?

2

Ал еліміздегі  жағдайға көз салсақ, доллардың халықаралық нарықта әлсіреуі Қазақстанға әсер ете қоймаған секілді. Керісінше. Доллар өз қаһарына мініп, рекордты көрсеткішіне таяп келеді. Маусым айына дейінгі 1 доллар құны 384,2 теңгеден аспаған-ды. Ал соңғы 10-15 күн ішінде бұл көрсеткіш үш рет бұзылды.

5-маусым доллар курсы – 384,21 теңге;

7-маусым доллар курсы – 384,53 теңге;

14-маусым доллар курсы – 384,51 теңге;

Ал бүгінгі валюта бағамына назар салсақ, 1 доллардың құны 383,43 теңгені құраған.

Еуроның халі нешік?

3

Қазақстандағы еуроның жайына көз салсақ, бұл жақтағы ахуалдың рекордтық көрсеткішке жететін түрі жоқ. Бүгінгі валюта бағамында еуро құны 429,83 (орта баға 434 теңге).

Еуроның тарихи рекордтық көрсеткіші – 441,69 теңге. Бұл көрсеткішке салмақты валюта 2018 жылдың 12-қыркүйегінде қол жеткізген.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір