• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:28:17
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 NEWS

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

"izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар. Бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде", - делінеді оператордың сайтында.

softzatak.ru

Қазақстанда izi сауда маркасымен жаңа мобильді оператор жұмыс істей бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

"izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар. Бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде", - делінеді оператордың сайтында.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір