• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:52:24
Алматы
+35°

17 Маусым, 2019 Оқиғалар

tengrinews.kz

"Қазақфильм" киностудиясы атақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев туралы киноның түсірілім жұмыстарын бастады. Бұл фильмнің режиссері – танымал кинотанушы Болат Қалымбетов деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

түсірілім

  • "Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ студиясында түсірілмек. Бұл фильм толықтай ақын туралы болмауы мүмкін. Бірақ адам тағдыры турасында екені анық", - деді Қалымбетов.

тарелка

Түсірілім процесі Өскемен қаласында басталды. Әрі қарай команда Санкт-Петербург қаласына бармақ. Содан кейін Алматыға оралады.

Режиссердің айтуынша, бұл кинокартина Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы айтады. Фильм ҚазССР Жазушылар Одағының ақын тағдырын шешетін жиналысынан басталады. Мақатаев сол жерде жиналыс шешімін күтпей, мүшелік билетін тастап кетеді.

Сценарий авторлары – Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыров. Қоюшы операторы – Едіге Несіпбеков. Фильм продюсері – Алмат Масалим.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір