• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:14:23
+35°

15 Маусым, 2019 Оқиғалар

Сайлау күнгі елді елжіреткен суреттегі сарбаз бен кішкентай қыз кездесті (фото)

Қызу талқыға түскен суреттің кейіпкерлері кім екені көпшілікке қызық болды

Сайлау күні "хит" болған суреттегі Ұлттық ұланның қатарындағы сарбаз - Шамил Хасанов пен кішкентай Айрин кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қыздың анасы инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

"Бұл жазбаны жазған бойда көп адам мұны да қойылым деп, сан түрлі пікір жазатыны айдан анық еді. Достар, тоғыз ай құрсағында көтерген баласын шеруге шығарып, қойылымға қатыстыру үшін анасына қаншалықты көп қаржы төлеу керегін де білмеймін. Өз атақ-абыройын, мансабын сатып кету үшін журналиске қанша ақша төлейтінінен хабарым жоқ.  Сосын тырнақ астынан кір іздеген адам қашан да бола береді деп, бәріне қол сілтедім.

@ktktv телеарнасының қолдауымен балапаным дәл сол танымал болған сарбазбен кездесті. 
Шамиль (@shoma_hasanov) бізді сыйлықтармен қарсы алды. Қызыма қуыршақ пен шоколад, маған бір шоқ раушан гүлдерін алып келіпті. Оған қоса, әріптестері кішкентай балапаныма гитарамен ән шырқап берді.

Шамилдің ата-анасына осындай ұл тәрбиелегіне алғыс айтқым келеді. Ол қызым Айринмен билеп, суретке де түсті. 

Бұл туралы 15 маусым күні КТК телеарнасынан саған 21.00-дегі жаңалықтардан көре аласыздар. Алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын" делінген жазбада.

saya_d17

 

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір