• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:02:43
Алматы
+35°

14 Маусым, 2019 NEWS

Тұрғымбай Ержан: Бекболат Тілеухан халыққа қарсы сөз айтып жүр (видео)

Италиядағы оппозиционер Тұрғымбай Ержан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханды тікелей эфирде сұхбаттасуға шақырды

sputniknews.kz

Италиядағы оппозиционер Тұрғымбай Ержан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханды тікелей эфирде сұхбаттасуға шақырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін Мұхтар Шахановты пікір алмасуға шақырған оппозиционер, Шахановтан жауап келмей жатып Бекболат мырзаны да тікелей эфир арқылы сұхбаттасуға шақырды. Бекболат Тілеуханның сайлаудан кейінгі пікірінің бейнематериалымен басталатын видеоны Тұрғымбай Ержан Youtube арнасында жариялаған. 

"Ассалаумағалейкум Бекболат інім! Інім десе де болады, құрдас десем де болады. Екеуіміз жастымыз негізі. Жарайды, ол маңызды емес. Мен сіздің монологыңызды тыңдадым, алдында айтқандарыңызды да бақылап жүремін. Арасында келісетін жерімде бар, келіспейтін де жерім бар. Кейбір мен үшін түсініксіз сұрақтар бар. Менің арнамда пікір таластырсақ. Жақын ғана Ринат Заитовпен де пікір алмастық. Біраз тәжірибе жинағандай болдым.Өзім өндірістің адамысын. Маған өнер адамдарымен араласқан дұрыс секілді. Сіздер жеке пікір емес, халықтың пікірін айтатын жансыздар ғой. Сіздердің ойларыңыз мен үшін маңызды. Араласып дегендей, мәдениетімді, сана-сезімімді көтеріп дегендей. Менен гөрі халыққа қызық болатын секілді әңгімеміз. Көпке созбай, жауап берсеңіз. Сізді күтемін.",- дейді оппозиционер Тұрғымбай Ержан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір