• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:06:26
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 Саясат

Марғұлан Сейсембай: Қоғам Қосанов арқылы мақсатына жетті

Сейсембайдың жазуынша, қоғам "Ұлт тағдыры"қозағалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов өз сайлаушыларын алдап кеткен, бірақ қоғам (Қосановқа дауыс бергендер) Қосанов арқылы діттеген мақсатына жеткен.

Белгілі инвестор, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысқан оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов туралы пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сейсембайдың жазуынша, қоғам "Ұлт тағдыры"қозағалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов өз сайлаушыларын алдап кеткен, бірақ қоғам (Қосановқа  дауыс бергендер) Қосанов арқылы діттеген мақсатына жеткен.

"Біріншіден, Қосанов алдап кеттi. Мен онымен сайлау алдында кездескенiмде, ол маған: "Мен сайлауға қатысамын" деп айтқан болатын. Мен одан: "Не үшiн?"- деп сұрағанымда: "Бұл жүйеге соққы беру керек” деп үн қатқан. Бермедi. Мен оның жеңе алмайтынын бiлгенмiн, оған жеңiстi ешкiм әкелiп бере салмайтынын түсiнгенмiн. Бiрақ Әмiржан ең құрмаса соққы бередi деген үмiт болды.
Екіншіден, ол елiмiздiң тарихында бiрiншi рет шынайы халықтың батыры-таңдаулысы болатын мүмкiндiктi қолдана алмады. 
Үшіншіден, 20 жыл бойы жинаған абыройын бiр күнде жерге төгiп тастады.
Төртіншіден, оның саяси келешегi жоқ.

P.S. Түсiнбейтiн адамдарға. Бiрiншiден, мен Қосановқа дауыс берiңдер деп үгiттеген жоқпын. Мен Қосановқа дауыс беру арқылы билiкке өзiмiздiң наразылығымызды көрсетiп оларды саяси реформаларға итермелеуге болады деп айтқанмын. Менiң айтқаны сол сөзім жалған ба? Билiк наразылығымызды көрген жоқ па? Халық Қосановты жақтаушылардың санын көрген жоқ па? Мәселе тұлғада емес. Қосанов арқылы бiз мақсаттарымызға жеттiк қой. Бұл үлкен жеңiс деп есептеймiн", -деді Сейсембай өз жазбасында.

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, оған жеті кандидат қатысқан. Олардың нәтижесі төмендегідей:

Жамбыл Ахметбеков - 167 649 дауыс - 1,82 пайыз

Дания Еспаева - 465 714 дауыс - 5,05 пайыз

Әмиржан Қосанов - 1 495 401 дауыс - 16,23 пайыз

Төлеутай Рахымбеков - 280 451 дауыс - 3,04 пайыз

Амангелді Таспихов - 182 898 дауыс - 1,98 пайыз

Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 539 715 дауыс- 70,96 пайыз

Сәдібек Түгел - 84 582 дауыс, 0,92 пайыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір