• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:17:47
Алматы
+35°

11 Маусым, 2019 Дін

Бүлік пен бейбіт шеру: Ислам діні не дейді?

Мұсылман дінінде Аллаһ Тағала жерде патша етіп сайлаған патшаға қарсы келуге болмайды

Muslim.kz

Мұсылман дінінде Аллаһ Тағала жерде патша етіп сайлаған патшаға қарсы келуге болмайды. Көптеген деректерді негізге алып қарасаңыз бұл сөздің ақиқат екендігін білесіз.

Имам Ахмад жеткізген хадисте: "Ұлы және Пәк Аллаһ жерде патша еткен әмірді құрметтегенді Аллаһ құрметтейді. Ал Ұлы және Пәк Аллаһ жерде патша еткен әмірді қорлағанды Аллаһ қорлайды!",  — деп айтылады.Демек әлемдер патшасының қорлығында қалмау үшін, жер бетіндегі еліңізге жіберілген патшаны құп тұтытыңыз, соған мойынсұныңыз.

Ибн Аббас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өзінің әмірінде өзіне ұнамсыз бір нәрсе көрсе, бұған сабырлықпен қарасын, өйткені мұсылман жәма`асынан бір еліге болса да ауытқып өлген адам жәһилиет (Исламға дейінгі надандық) дәуірінің өлімімен өлген болады» (әл-Бухари және Муслим).

Қоғамда көптеген бүлік пен көтерілістер болып жатқаны рас. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ неге барлығын патшадан көруіміз керек?

Мәлик ибн Динар: "Раббымыз көктен түскен Кітаптарының кейбіреуінде: "Мен – бүкіл патшалардың Патшасымын, және Менің Қолымда олардың жүректері. Егер адамдар маған мойынсұнса, Мен өзімінің рахымыммен оларға әділ патшаларды патша етемін. Ал егер олар Маған мойынсұнбаса, Мен өш алып, оларға залым патшаларды патша етемін. Жүректеріңді патшаларың туралы ойлармен мазаламаңдар, қайта Менің алдымда тәубе етіңдер, ал сонда мен сендерге рахымшылдық етемін", — деген", — деп баяндаған. Елдің өзгергенін қалаған адам Аллаға сансыз шүкір етіп, зікір айтуы керек бәлкім.

Ауф ибн Мәлик Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Әмірлердің ең жақсылары – сендер жақсы көргендерің және сендерді жақсы көретіндері. Сендер оларға игілік тілейсіңдер және олар да сендерге игілік тілейді. Ал әмірлердің ең жамандары сендер оларды жек көретіндерің және сендерді жек көретіндері. Сендер оларды лағынеттейсіңдер, олар да сендерді лағынеттейді». Одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз олармен қолымызға қылыш алып соғыссақ па екен?», — деп сұрағанда, ол: "Олар сендермен бірге намазды орындағандарына дейін жоқ. Ал егер сендер өз әмірлеріңде ұнамсыз нәрсе көрсеңдер, бұған ұнатпаушылық танытуларың керек, бірақ мойынсұнудан бас тартпауларың қажет"  (Муслим). Ел ішінде келеңсіздің орын алып, сізге биліктің басқаруы ұнамаса, айтып көріңіз. Бірақ, қарсы шықпаңыз.

Абдуллаһ ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: "Кім өзінің әміріне мойынсұнудан шықса, Қиямет Күні Аллаһтың алдына барғанда оның ақтауы болмайды. Ал кім (әмірге) ант бермей өлсе, жәһилиет дәуіріндегі өліммен өлген болады" (Муслим). Қияметте ақтауымыз болуы үшін, қара жерде мойынсұнуымыз керек.

Өз ойым: Әлемдердің Раббысы халқымызға қорлық қылмай тұрған шақта бірігіп, басшыға мойынсұнуымыз қажет. Кем-кетігін сөзбен ескертіп, көтеріліс жасамауымыз керек. Фәниде патшаңызға разы болсаңыз, бақида сізден разы болар бәлкім. Еліміздің тыныштығын көшеде жүріп биліктен сұрамай, жайнамазда отырып Алла Тағаладан сұрайық. Алла баршамыздан разы болсын.

Дереккөз: Эльмир Кулиевтің «Құран мен Сүннет әмірлерге мойынсұну туралы» атты кітабы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір