09 Маусым, 2019
Дауыс бергендер дауға ілікті ме? (видео)
Бүгін - елімізде кезектен тыс президент сайлауы. Таңертеңнен бастап дауыс беруге шыққан азаматтардың көпшілігі өз қалаларындағы заңға қайшы әрекеттерді, толқуларды таспаға тартып, әлеуметтік желіге жүктеуде.
Кезектен тыс президент сайлауы күні еліміздің Алматы және Нұр-Сұлтан секілдірі ірі шаһарларында бірнеше адамнан құралған толқулар орын алғаны туралы бейнежазбалар әлеуметтік желіде таралып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбаларға назар салсақ, адамдардың қарсылық көрсетіп жатқанын, қарсылық көрсеткендерді тәртіп сақшыларының алып кетіп жатқаны анық көрінеді.
Дегенмен, аталған баскөтерулердің заңды немесе заңсыз екені әлі беймәлім. ҚР ІІМ темір құрсанған қарулы топтың халықты басып жатқаны, бейбітшілікке шақырып жатқаны туралы еш мәлімдеме жасамады.
Қазіргі уақытта ОСК сағат сайын сайлаушылардың санағын жариялауда. Бірақ еш жерде қарсылық танытқан халық туралы сөз етілмеуде.
Белсенді кандидаттардың бірі Әміржан Қосанов та "әзірге ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ" деп мәлімдеме жасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір