• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:45:50
Алматы
+35°

06 Маусым, 2019 Саясат

Назарбаева 664 миллион теңгенің қайда кеткенін сұрады

Сенат отырысында мемлекеттік шараларды өткізуге жұмсалып жатқан қаражат көлемі сөз болып, жауапты басшылардан есеп сұралды.

Сенат отырысында мемлекеттік шараларды өткізуге жұмсалып жатқан қаражат көлемі сөз болып, жауапты басшылардан есеп сұралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Есеп комитетінің мәліметінше, 2016 жыл мен 2018 жыл аралығында конференциялар мен көрмелер өткізуге жұмсалатын қаражат мөлшері 4 пайыздан 80 пайызға дейін өскен. EXPO-ны қоспағанда осы бағытта жұмсалған қаражаттың жалпы мөлшері 825 миллион теңгені құрайды. Оның ішіндегі 664 миллион теңгесі 2018 жылы шығындалған. Бұл көрсеткіштердің барлығы мемлекет басшысының барынша ел бюджетін үнемдеу туралы бұйрығынан кейінгі көрсеткіштер", - деді сенатор Ольга Перепечина Сенат отырысында.

Оның айтуынша, аталған нәрселерге Мәдениет және спорт миистрлігі, СІМ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баса назар салуы керек.

Аталған мәселелерге қатысты бірінші вице-министр Берік Шолпанқұлов жауап берді. Оның сөзіне сенсек, қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, аталмыш шараларға үстіміздегі жылы қанша өаржы шығындалғанын анықтайтын ревизия жасақтап жатыр. Арнайы топты премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов басқарады.

"Алдағы үш жылдықта жүзеге асатын шараларға қарастырылатын қаражат көлемін бағамдаудамыз. Бұл жұмыс қазіргі уақытта өте қарқынды жүріп жатыр. Жақын арада нақты шешім шығарамыз", - деді Шолпанқұлов.

Сенат спикері Дариға Назарбаева Берік Шолпанқұловтан нақты сандарды атауын сұрап шүйліге түсті.

"Дариға Нұрсұлтанқызы, 10-маусымға дейін әрбір мемлекеттік мекеме өздерінің жеке мәліметін жіберуі тиіс. Шілде айының ортасына дейін комиссия конференциялар мен көрмелер туралы қорытынды шығарып, қолданылатын шараларды атайды", - деді сұраққа сүріне қоймаған Шолпанқұлов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір