• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:51:58
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Әлем

19 әйелді жауыздықпен өлтірген қанішер сотталды (фото)

1998 жылдың күзінен бастап 2005 жылдың шілдесіне дейін 18 бен 31 жас аралығындағы 19 әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін айыпталған болатын

Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының 19 әйелді өлтірген бұрынғы полиция қызметкері Евгений Чуплинскийді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"2018 жылғы 22 қарашадағы Евгений Чуплинскийге қатысты Новосібір облыстық сотының қаулысы заңды күшіне енді. Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушының және оның қорғаушысының апелляциялық өтініштері бойынша дәлелдерін қанағаттандырмады", - делінген прокуратура өкілдерінің хабарламасында.

Евгений

Суретте: Евгений Чуплинский

Естеріңізге сала кетейік, Евгений Чуплинский 1998 жылдың күзінен бастап 2005 жылдың шілдесіне дейін 18 бен 31 жас аралығындағы 19 әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін айыпталған болатын. Қанішердің қылмыстарының күрделілігі сонша, құқық қорғау орындарына қылмысты толық зерттеу үшін 10 жыл уақыт қажет болған.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір