• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:48:30
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Алаш-Орда

Исламның әйелге көзқарасын берідегі қара ниеттілер бұрмалаған...

Оқырманға қолайлы болуы үшін Алаш арысының мақаласындағы өткір пікірлерді қаз-қалпында беруді жөн көріп отыр.

Қазір әлемде гендерлік саясат, гендерлік теңдік деген көлемді науқан жүріп жатыр. Сұрайтындары – әйел теңдігі. Билікте де, қоғамда да теңдік болуын талап етеді.

Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесінің ауқымды көтерілгеніне, ресми сөз бола бастағанына көп бола қойған жоқ. Осыған орай, Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алаш қайраткері – Сәбит Дөнентаевтың 1918 жылы әйел теңдігі мәселесі турасында не айтқанын оқырман назарына ұсынбақ. Мақала "Қазақ әйелдері туралы" деген атпен "Абай" журналының бетінде жарық көрген.

Оқырманға қолайлы болуы үшін Алаш арысының мақаласындағы өткір пікірлерді қаз-қалпында беруді жөн көріп отыр.

"Біз көреміз, шежіре жүзінде де, тұрмыс жүзінде де еркін әйелден елеулі кісілердің шығуға мүмкін екендігін. Біз көреміз, дін көзілдірігімен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай екендігін.

Мысалы, Пайғамбардың қатындары Хадиша мен Айшаның, біреуі үлкен сауда жұмысын басқарып, бірі Пайғамбардың өзіменен неше соғыста бірге болғандығы. Имам Ағзамның Ханифа деген қызының данышпан оқымысты болғандығынан, аты шығып, тіпті Имам Ағзамның өзін де "Ханифаның әкесі" (Әбу Ханифа) деп кеткендігі, қарун Рашид халифаның қатыны Зұбайда ханымның Бағдаттан Мекке-Мединеге дейін арық жүргіздіргені һәм басқалар ілгеріде исламның әйелге қай көзбен қарағандығын көрсетуге жараса керек.

Бірақ берірек келген соң кәдімгі пайғамбардың мирасқорлары анау тарихтан да көз жұмды, мынау исламды да бел шалғыға бұрды. Бұған себеп: әм мә халифаларынан бастап ислам күшінің Иран қолына көшкендегі кейбір қара жүрек өмір әлмүминдердің өздерінің жауыз нәпсілерінің қызығы үшін ханым сарайы деп ат қойып, ыңғай сұлуды үйірлеп оңаша бөлек ұстауларына исламды құрал қылғандықтарынан".

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір