• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:09:19
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 Шаруашылық

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған ақбөкен төлінің фото/видеоматериалдарын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Құстар дауысы, жел сыбыры, жаңбыр тамшысы және тып-тыныш ұйықтап жатқан құралай. Бұл - маған ұнайтын көрініс. Жай ғана қалтамнан смартфонымды шығарып, табиғаттың кереметін таспаға тартып алдым", - дейді Сәкен Ділдахмет. 

Сонымен қатар, комитеттің баспасөз хатшысы Ырғыз-Торғай табиғи қорығында орналастырылған фотоқақпандарға түскен ақбөкендердің суретін жариялады. 

"Бетпақдалада төлдету маусымы ойдағыдай өтті. Фотолардан жаңа туған құралай мен желіні сыздаған бөкендерді көруге болады", - деп жазды ол. 

Ақбөкен

Ақбөкен

Ақбөкен

Ақбөкен

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір