• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:49:44
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 IT

Galaxy S10 ұялы телефонының эко-қорабы неден жасалған?

Samsung Electronics компаниясы өз өнімдерінде экологиялық таза әрі қауіпсіз материалдарды пайдалану шеңберін арттырып келеді.

Samsung Electronics компаниясы Galaxy S10 моделіне пластмасса мен винил материалдарын қоспай, экологиялық қауіпсіз заттардан қаптама қорап жасап шығарды.

Смартфон қорабы және оны құрайтын заттар қайта өңдеуден өткен материалдардан жасалған. Басты артықшылығы – сыртқы құбылыстарға бейтарап әсер көрсету.

Біраз уақыт бұрын ұялы телефондар қорабы қаптама, ішкі қораптар және негізгі бөлімнен тұратын. Ал Galaxy S10 смартфонының қорабы нығыздалған қағаздан жасалған әмбебап түрде. Сонымен қатар, қорап ішінде қуаттағыш пен басқа да аксессуарларға орын қарастырылған.

Пластмассалы астар қағаз материалдармен алмастырылған. Ал қуаттағыш жылтыр қалпын күңгірт түрге ауыстырыпты. Сондай-ақ, бірнеше жылдар бойы шығып келе жатқан смартфонды соққыдан қорғау функциясын атқаратын пластмасса жапсырма да алынып тасталды.

Samsung Electronics компаниясы өз өнімдерінде экологиялық таза әрі қауіпсіз материалдарды пайдалану шеңберін арттырып келеді. Алғаш рет 2013 жылы жүз пайыз қайта өңделген, екінші реттік пайдаланылуға ұсынылған қағаз шикізаттарынан жасалған өнім жарыққа шықты. Ал 2015 жылы аталған дүниенің дизайнына көңіл бөле бастады.

2017-2018  жылдары компания смартфон қорабын да нығыздалған қағаздардан жасауды қолға алған. Ал үстіміздегі жылы Galaxy S10 моделімен бірге нарыққа шыққан қорап та, қаптама да, қуаттағыш пен басқа аксессуарлар да толыққанды экологиялық материалдардан. Осылайша алпауыт компания пластмассалық өнімдерден біржола бас тартты.

"Galaxy S10 моделінен бастап, біз эко-қораптарды жасауға мықтап бекіндік, бағыт алдық", - дейді Samsung Electronics компаниясының  құрылғылардың беріктігін қамтамасыз ету (Mobile Communications) бөлімінің вице-президенті Пэк Иль Соб. – Біз экологиялық өнімдерді өзіміздің барлық өнімдерімізді жасауда қолдануға тырысамыз және осы бағыттың ауқымын кеңейтуге тырысамыз".

Самсунг

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір