18 Сәуір, 2019 Оқиғалар

Қылмыс әлеміндегі ең қауіпті 4 жауыз әйел

Олардың ішінде  қылмыстық топтарды басқарған, есірткі саудасымен айналысқан әйелдер де бар.

Жалпы қылмыс әлемінде нәзік жандылардан қарағанда ер адамдардың саны басым екені рас. Әйтсе де, әлемде жантүршігерлік қылмыстарымен, қатыгездік іс-әрекеттерімен танылған қыз-келіншектер аз емес. Олардың ішінде  қылмыстық топтарды басқарған, есірткі саудасымен айналысқан әйелдер де бар. Сонымен төменде қылмыс әлемінде жауыздығымен назар аудартқан нәзік жандылардың бір шоғыры.

  1. элизавет    Элизабет Веттлауфер (Канада)

2017 жылы канадалық медбике Элизабет Веттлауферге өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Бұл шешім оның сериялық кісі өлтіруші болғандығы үшін шығарылған болатын. Оның қолынан сегіз адам қаза тапқан. 2007 жылдан 2016 жылға дейін Веттлауфер қарттарға арналған үш емхананың медбикесі болады. Бірақ, оның есірткіге тәуелділігі бар екендігінен ешкім бейхабар еді. Алғашында ол инсулиннің көп мөлшерімен өзінің екі емделушісін өлтірмек болып, онысы сәтсіз шығады. Кейінгі құрбандығына сол әдіспен ол дегеніне жетеді. Қайтыс болған 84 жастағы ер адам болатын. Кейінгі әрекеттерінің кейбірі сәтті шығып жатса, кейбірі сәтсіз болып, бірнеше адамды ажал құштырды. Ақыры, ол қылмысы жайында өзі мойындайды. Бірақ, сот ісінде ол өзінің бұл қылмыстарға не үшін барғандығы жайлы ләм-мим демейді. Кейбір адамдар оның қылмысына «қарт адамдардың ауруын жеңілдету мақсатында жасаған болуы мүмкін» деген ой айтса, кейбірі есірткінің кесірінен деген болжам айтады. Неде болса, ол енді Канаданың ешқандай қарт адамдарына зиянын тигізе алмайды.

  1. деннехиДжоанна Деннехи (Ұлыбритания)

2013 жылдың сәуір айында британдық әйел Джоанной Деннехиге сот үкімі шықты. Бұл шешім де – өмір бойы бас бостандығынан айыру болатын. Ал, оның қолынан үш адам ажал құшқан. Оның біріншісі – суыққандылықпен пышақ арқылы өлтірілген жұбайы болса, екіншісі, яғни жұмыс берушіні ол тамағынан бауыздап өлтірген. Үшінші құрбаны – оның пышағынан өлген көршісі болды. Кісі өлтіруші әйел сотта өзін «Криминальный чтива» киносындағы әртіс Ума Турманның өзіне шабыт бергендігін айтқан.

  1. инессаИнесса Тарвердиева (Ресей)

Бұрынғы әйелдер қылмыс тобының басшысы болған ресейлік әйел «Амазонка бандасы» атанып кеткен екен. Ол 2017 жылы 21 жылға түрмеге қамалды. Өзінің қылмыстық жолын 2003 жылы бастаған екен. Ол өзі топ құрып, үлкен жолға шығып, еш қорықпастан көліктерге оқ атып, барлық бағалы заттарды алған соң мәйіттерден құтылып отырған. Оның қолынан кішкентай сәбилер де қаза болған. Инесса кейіннен милиция қызметкерлеріне ызақорлықпен өзінің көп адам өлтіре алмағандығына өкінгендігін жеткізген.

  1. меликсаМелисса Калдерон Охеда (Месика)

Ла Чина атымен танылған қылмыстық топ басшысы Меликса есімді әйелді сотқа өзінің жігіті ұстап берген. Ла Чина  2005 жылы Мексиканың қылмыс әлеміне бет бұрады. Ол есірткі саудалаушылармен серіктестік орнатып, 2008 жылы бұзақылық топты басқарады. Ол жеті жылдық есірткі саудасын жандандырған уақытта  Дамасо аумағында қлмыс үш есеге көбейді.  Мелисса кісіні аяу дегенді білмейтін. Оның кісі өлтіруде қолтаңбасы да бар еді. Оның жігіті Педро Гомес есімді түрмеден шыққан атақты банды болды. Ол екеуі бірлесіп көптеген қылмыстар жасайды. Алайда, Ла Чина қылмыс жасауда қатыгездігімен тым шектен шығып кеткен болатын. Ақыры, 2015 жылы жігіті Гоместің өзі Ла Чинаны полцияға ұстап береді. Сотта оның қолынан 150 кісі өлімі және есірткі саудасы айыбы тағылды. Мексикада әр түрлі қылмыстарға сан түрінде жаза тағайындалатындықтан, Ла Чинаға 893 жыл бос бостандығынан айыру туралы шешім қабылдайды. Яғни, өзінің жауыздығымен Мексиканы тітіреткен қанішер әйел өмір бақи қамауда болады деген сөз.

P.S. Мұндай тізімді тізе беруге болады. Дегенмен, ибалылығымен, мейірімділігімен, анаға тән махаббатымен танылған әйел ғана – әйел деген атқа лайық болары сөзсіз. Нәзік жандылар, әрқашан нәзік болмысын сақтаса екен дейміз.

 

Дайындаған: Наурызбек САРША

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір