• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:51:18
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2019 NEWS

Президент "Көк-Жайлауға" қатысты: Маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің "Көк-Жайлау" жобасына қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің "Көк-Жайлау" жобасына қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының айтуынша,  маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды.

«Алматы қаласының əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің отырысы барысында «Көк-Жайлау» жобасын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған. Жобаны түбегейлі қарастырып, халық ойын да есепке алу керектігін мәлімдеген еді. 

Бауыржан Байбек "Көк Жайлау" жобасын кейінге қалдырды

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір