• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:24:39
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2019

Ресейлік операторлардың Димашты "козёл" дегені қай сасқаны?! (видео)

"Миллиондаған адамның кумиріне айналған адам туралы осылай деуге бола ма?"

Димашты ресейлік операторлар ешкіге теңеп, балағаттады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 24 наурызда Димаш "Не? Қайда? Қашан?"  ресейлік телебағдарламасында өнер көрсетті. Аталмыш бағдарламада Димаш "Mademoiselle Hyde" әнін айтып, ресейліктерді тәнті еткен болатын. 

Ал келесі күні, яғни 25 наурызда Димаш ән айтқан кездегі операторлардың жұмыс істеп жатқан видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Негізі операторлардың жұмысын жанкүйерлер жоғары бағалады. Алайда  оператордың  Димашты балағаттауы жанкүйерлердің ашуына тиді. 

Димаш ән айтып жатқан кезде оның көлеңкесі Игорь Крутойға  түсіп тұрады. Сол сәтте операторлардың бірі "Мына ешкінің оған көлеңкесі түсіп тұр" (Темнить этот козёл на него — ред.) деп айтып қалды. 

Видеоны 40 мыңнан астам адам көріп, 200-ден астам пікір жазған. Көпшілік азаматтар телеоператордың кешірім сұрау керектігін талап етуде.

"Барлығы керемет, әрине. Алайда Димашты ешкіге теңеу – сорақылық. Өтініш, қызметкерлеріңізді дұрыстап тәрбиелеңіздер. Миллиондаған адамның кумиріне айналған адам туралы осылай деуге бола ма?",- деп пікір білдірді Димаштың Питердегі жанкүйері Соня Абрамям.

– Ашуымды баса алмай отырмын. Бағдарламаны тағы да қарап шықтым. Димаштың көлеңкесі Игорь Крутойға түсіп тұр. Телеарна әкімшілігіне арыз жазу керек. Оператор айтқан сөзі үшін жауап берсін, - деп жазды Гүлнәр есімді әлеуметтік желі қолданушысы. 

Жалпы Қытай елінде концерттік бағдарламалардың тыныш өтетіні белгілі. Олар Димашты балағаттамақ түгілі, бір ауыз жаман пікір айтқанын да естімеппіз. Ал Ресейде бәрі керісінше. Димаш ән айтқан кезде микрофон істен шығады немесе тағы соған ұқсас ыңғайсыз жайттар орын алады. Жарайды, техника болған соң оның істемей қалуы қалыпты жайт. Бұған белгілі бір адамды айыптап, сынай алмаспыз. Ал "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасында болған тәрбиесіз әрі жағымсыз оқиғаға  белгілі бір адамдар жауап беруі қажет. Әрине парасатты азамат  Димаштың дау шығарып, "кешірім сұра" деп талап етпейтіні белгілі. Себебі Димаш — тәрбие көрген  қазақтың  баласы. Қаншама миллиардтаған көрерменнің кумиріне айналса да "мен  қарапайым адаммын" деуден жалыққан емес. Оның орнында басқа әнші болса баяғыда-ақ телеарна басшыларына талап арыз түсірер еді. Димаш туралы қандай да бір жағымсыз пікір айтқан адам миллиардтаған адамның талқысына түсіп, "жауына" айналады.  Сондықтан Димаш арызданбаса да, оның жанкүйерлері телеарна қызметкерлерінен аталған жағымсыз жайтқа қатысты жауап күтеді. 

Иә, ресейлік телеоператорлар да миллиардтаған адамның кумиріне айналған Димашты сыйлауы керек. Мүмкін олар бұл жайтты қалыпты деп түсінер. Бірақ  Димаш әлем бағалаған қазақтың талантты әншісі. Сондықтан ресейлік телеоператорлар  Димашты да, оның шынайы жанкүйерлерін де сыйлағаны жөн. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір