• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:31:01
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2019 Саясат

Михаил Сакаашвили: Украинаның президенті Зеленский болады (видео)

Зеленский ешқандай кландық топтармен араласпайды және олардың мүддесін көздемейді.

Украинадағы сайлауда Владимир Зеленский 30,6 пайыз дауыс алып, бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарда Петр Порошенко , — 17,8, Тимошенко — 14,2, Бойко — 9,8 пайызбен халықтың қолдауына ие болды. Сонымен, Украинада бір айдан кейін президенттік сайлаудың екінші туры өтеді. Шоумэн, артист Владимир Зеленский мен қазіргі президент Петр Порошенко екінші турда бақтарын сынайтын болады. Сонымен кімнің мүмкіндігі жоғары, Порошенконың бе, актер Зеленскийдің бе? Енді оны бірер айдан соң білетін боламыз. Десек те, қазіргі президент Порошенко неге аз дауыс алып қалды? Себебі неде?

  1. Біріншіден Порошенко өзі басқарған уақытта мемлекетте соңғы бес жылда тыныштық болған жоқ.
  2. Порошенконың маңайындағылар баю үстіне баии түсті.
  3. Елдің шығысындағы соғыстың салдарынан мыңдаған адам опат болды.
  4. Халықтың тұрмыстық жағдайы қиындады.
  5. Экономика әлсіреді.
  6. Елдің сыртқы қарызы күрт артты.
  7. Украина қарыз алған алпауыт мемлекеттерге кіріптар бола бастады.
  8. Халықтың Порошенко командасына сенімі азайды.
  9. Елде ішкі саяси текетірес өршіді.

Ал бірінші турдың өзінде қазіргі президент Порошенкодан екі есе артық дауыс жинаған Зеленскийді  халық неге көбірек қолдады? Оның бірнеше себептері бар.

  1. Ол халықтың арасынан шыққан қарапайым адам.
  2. Мемлекет басқару ісінен ада болғанымен, танымал таза тұлға.
  3. Өз ойын ашық айтады.
  4. "Донбасс аймағындағы соғысты реттеу үшін Ресеймен тікелей келіссөз жасау қажет" деп есептейді.
  5. Ол "бүгінгі билік халықтың жағдайын жақсартудың орнына жағдайды ушықтырып жіберді» деп есептейді.
  6. Халыққа да бұрын билікте болмаған таза, осындай қарапайым адам керек болды.
  7. Сондықтан Зеленский жастарға, қара бұқараға сенім артты.
  8. Ол сенімі сөйтіп ақталды және бірінші турда Петр Порошенкодан екі есе артық дауыс жинады.
  9. Зеленский елдегі жағдайды ушықтырып жібергені үшін бүгінгі ел басқарып отырғандар халықтың алдында қараланып, олардың біреуі сотталуы тиіс деп есептейді (Петр Порошенко болар).
  10. Петр Порошенко Қырымнан айрылып қалды. Донбастағы жағдай реттелмеді.

Міне аталған себептер президенттікке кандидаттардың арасалмағын алшақтата түсті. Ал екінші турда Порошенко мен Зеленскийдің қайсысы жеңеді? Украинада Одесса облысын басқарып, артынан Порошенконың пәрменімен елден қуылған Михаил Сакаашвилидің ойынша,  екінші турда Владимир Зеленский президент болады. Егер мүмкіндік болса, ол Украинаға келіп, Зеленскийге  қолдау көрсететін мәлім етті.

–Шын мәнінде Владимир Зеленский – өз елінің патриоты. Ол ешнәрсені бүгіп қалмайды. Ойын ашық айтады. Халыққа өте жақын. Ешқандай кландық топтармен араласпайды және олардың мүддесін көздемейді. Бұған дейін айналасына адамдар да жинаған жоқ. Демек халықты да ұятқа қалдырмайды. Елдегі халықтың жағдайын титықтатқан Порошенконың саясатынан кейін 5 миллион украиндық шетелге кетті. Зеленский жағдайды жақсартып, олардың бәрін елге қайтарамын деп отыр. Зеленскийдің мемлекет басқару ісінде тәжірибесі жоқ болғанының өзі жақсы. Ол сондықтан айналасына бюрократтық әдеттен ада таза, адал адамдарды жинайды. Сондықтан мен оған барынша көмектесуге тырысамын, –деді Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Сакаашвили.

Кейбір әңгімелерге қарағанда, "бірінші турда -ақ суырылып алға шыққан Владимир Зеленскийдің артында елдегі байлардың бірі Игорь Коломойский тұрған" сияқты. Ол "бұрын мемлекеттік қызметте істемеген, кландық топқа қатысы жоқ, қарапайым әрі халыққа жақын Влапдимир Зеленскийді әдейі таңдаған және президенттікке кандидат ретінде ұсынған" деген ақпар бар. 

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір