• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:35:37
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019 NEWS

Қазақстандық спортшы: Конор да, Хабиб те болмаймын...

Менің ойымша бұл Конордың өз шешімі. Ол кез келген уақытта аралас жекпе-жекке қайта оралуы мүмкін.

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің ұсынысынан не себепті бас тартқанын түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. Сондай-ақ Шавкат Рахмонов спорттағы соңғы жаңалықтарға қатысты да өз пікірін білдірді. 

— Конордың аралас жекпе-жектен кеткенін білетін шығарсыз. Конор не себепті аяқ астынан карьерасын аяқтады? Қалай ойлайсыз?

— Менің ойымша бұл Конордың өз шешімі. Ол кез келген уақытта аралас жекпе-жекке қайта оралуы мүмкін. Өзі қалаған уақытта октагонға шыға алады. Қазіргі табысы өзінің отбасын толық қамтамасыз етуге жетіп артылады. Соңғы мәлімдемесі кезекті пиар ма, әлде шынымен шаршағандықтан спорттан кетті ме белгісіз. Уақыт көрсетеді. 

— Сіз өзіңізді кімге көбірек ұқсатасыз? Хабибке ме, Конорға ма?

— Мен Конор да, Хабиб те болмаймын. Мен Қазақстанның спортшысы Шавкат Рахмоновпын. 

— UFC-де өнер көрсетуіңізге не кедергі?

— Мен өзімді әлі де шыңдауым керек. Жұдырықтасуды, жекпе-жек кезінде түрлі техникаларды үйренуім керек. Әзірге көп уақытымды жаттығуға арнағым келеді. UFC - ең жоғарғы деңгей деп есептеймін. 

— Сіздің салаңыздағы ең мықты спортшы деп кімді айта аласыз?

— Маған Камар Усман ұнайды. Ол өте мықты спортшы. Жартылай салмақтағы әлем чемпионы атанған. 

— Өзіңіз айтқан спортшымен жекпе-жекке шыққыңыз келе ме?

— Мен UFC-де өнер көрсеткен кезде ол октагонға шығады ма? Бұл жағын уақыт көрсетер. Мүмкін кездесіп қалармыз. Жекпе-жек болса екеуміз де түрлі деңгейде өнер көрсететініміз анық. Мен қорықпаймын, бірақ мұндай жекпе-жек үшін біраз уақыт тер төгу керек. 

— Сіз не себепті UFC-дің ұсынысынан бас тарттыңыз?

— Бұл ұсыныстың жасалғанына көп уақыт өткен жоқ. Ал 30 наурызда Алматы қаласында мен жекпе-жекке шығуым керек болды. Бұл жарияланып қойған болатын. Сондай-ақ М-1 титульдық жекпе-жегін мен көптен бері күтіп жүрген едім. Сол себепті бізге ұсынылған бір-екі жекпе-жектен бас таруымызға тура келді. Асығыстықтың қажеті жоқ. Әзірге жекпе-жектің өз елімде өткенін қалаймын. 

— M-1 титулы — UFC-ге апарар жол ма?

— Бұл ұйым 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әлемдегі ең үздік промоушендердің бірі. Бұл жерден барлық спортшы UFC-ге бара алады. 

— Алдағы жекпе-жек несімен ерекшеленеді?

Бұл жекпе-жек өз елімде өтуімен ерекшеленеді. Мұның өзі маған артылған жауапкершілік деп есептеймін. Аздаған қобалжу бар. Мен өз жерлестеріме үлкен сый жасағым келеді. 

— Жеңіске жету үшін қандай тәсілді қолданасың?

 Қай тәсілдің ыңғайы келеді соны іске асыруға тырысамын. Мүмкін нокаут, мүмкін қылғындыру тәсілін қолданармын. Тіпті  жеңіске жету үшін 5 раунд қажет болуы мүмкін. (күлді) 

Еске сала кетсек, Рахмонов пен Приказойдың жекпе-жегі 30 наурызда "Алматы-Аренада" өтетін болады.  

Аударған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір