• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:59:49
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Тарих

Атақты ханша – Нұр-Сұлтан жайлы не білеміз?

Нұр-Сұлтан ханша күйеуінен айырылған соң орын тағын жаңа ханның әйеліне босатып берді, алайда сарайдағы беделі түсе қоймады.

1484 жылы Эски-Юрт қаласына Темір Маңғыттың қызы, Қазанның жесір қалған ханшасы Нұр-Сұлтан келді. Екінші күйеуі Ибрагим кенет қайтыс болған соң таққа Нұр-Сұлтанның өгей ұлы отырды. Ол ханшаға тыныштық бермей, ақыр соңында кішкентай екі ұлымен Қазан қаласынан қуып тынды. Қаладағы ең беделді әйел Гирай еліне аттанды. Ол жақта әйелді тосын сыйға толы тағдыр күтіп тұрды.

Нұр-Сұлтан Қырымға жолы түскен соң бара салған жоқ. Елде оның әкесі, бауырлары тұрады. Әрқайсысы Қырым сарайының лауазымды тұлалары болған. Бірнеше мәрте тұрмыс құрса да, ер адамға келгенде жолы болмаған ханша жақын туыстарынан пана іздеп барды. Жасы да 30-ға таяп қалған, ол заманда 30 жас деген «кәрі» қыздарға тән еді.

Өзі өте білімді болды, бірнеше аспапта ойнай алған, адамдарды емдейтін қасиеті болды, каллиграфия мен грамматиканы жақсы меңгеріп, бірнеше тілде сөйлей алды, Құран оқып, оны жұртқа түсіндіретін.

Көп ұзамай сарайлықтар Қазаннан ақсүйек әйелдің келгенін естиді. Ол жайында қауесет те тез тарап үлгерді. Халық арасында «Ханша мәскеулік княздармен тығыз-қарым-қатынаста, хат алмасып тұрады екен, қайырымдылықпен де айналысыпты, өзі дана әйел» деген сөз жүрді. Расында Нұр-Сұлтан ханша сондай еді... Сырт көзге тым нәзік, үлбіреп тұрған әйел болып көрінгенімен, батыл әрі тәуелсіз болды. Оның сұлулығы сипаттайтын аңыздар тарады. Қырым ханы Менгли Гирай әйел жайлы ести сала танысуға асыққан, аса қызығушылық танытқан деседі.

Нұр-Сұлтан ханша

Қазан хандығы, Нұр-Сұлтан ханша.Сурет авторы Шамсутдинов Р.Г.

 Нұр-Сұлтан да қарсы болмады. Шыңғыс ханның ұрпағы, оның үстіне бір елді басқарып отырған ханмен неге таныспасқа, араласпасқа? Бақытты отбасын құруға тағы бір мүмкіндік туып тұрған секілді. Ханша мұны жібергісі келмеді. Ақыры екеуі кездесіп хан Қазан ханшасының сұлулығы мен даналығына тәнті болды. Темір Маңғыттың үйіне жиі келіп тұратынды шығарды. 1486 жылы Нұр-Сұлтанды әйелдікке алып, елдің бірінші ханымы етті. Осылайша ноғайлық княз қызының үлде-бүлдеге оралған жаңа өмірі басталды. Хан сарайында...

Күйеуіне мемлекеттік істерде ақыл-кеңесін айтып отырды. Хан Нұр-Сұлтанға толық сенді. Оны қолдады, осман сұлтаны Баязид пен мәскеулік княз Василиймен жазысқан хаттарын көтермеледі, мақтан тұтты. Ал 1492 жылы Нұр-Сұлтан үлкен қызы Айшаны Осман ханзадасы Селимге тұрмысқа берді. Көп ұзамай Селим Осман империясын басқарды. 

Нұр-Сұлтан ханша

Нұр-Сұлтан ханша Кремльде. Шамсутдинов Р.Г.

Кей кездері күйеуінен рұқсат алып, қасиетті жерлерді аралап тұратын. Тіпті жарты жылға Мәскеуге, Қазанға барып тұратындай дәрежеде еді.

Алайда үшінші күйеуімен де бақыты ұзаққа созылмады. 4 жылдан соң Менгли Гирай о дүниелік болып, билік Гирайдың ұлы Мұхаммедтің қолына өтті. Тағы бірнеше жыл сарайды басқарған Нұр-Сұлтан орын тағын Мұхаммед ханның әйелі Нұрымға босатып берді. Алайда сарайдағы беделі түскен жоқ, құрметті ханым болды. Атақты ханша үшінші күйеуінің өлімінен кейін 4 жылдан соң көз жұмды. 

Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір