• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:38:21
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 Саясат

Орыстар ойбайлап жатыр: бір жылда 87 мыңға азайып кеткен

Қазақ отбасына да  демографиялық тасқынды күшейту үшін ана капиталы керек.

Ресейде  халықтың туу көрсеткіші күрт  азайып кеткен.  Әсіресе соңғы он жылда демографиялық көрсеткішке көңіл толмайды. Отбасындағы көрсеткіш бір немесе екі баладан аспайды. Осыны түсінген болуы керек,  президент Владимир Путин 3 бала туған анаға барлық жағдай жасауды тапсырды.

Қазір орыс демографтарын бір-ақ нәрсе толғандырып отыр: «ұлт ретінде жойылып кетеміз бе, жоқ па» деген мәселе. Әрине, жойылмайтыны анық. Дегенмен, халықтың өсуі алаңдатарлықтай екені рас.

2018 жылы елдегі орыс ұлтының саны 87 мыңға азайған. Ресей статистика комитетінің мәліметіне назар аударсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарында  елде 146 миллион 880 мың адам тұрған. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш төмендеген, 146 миллион 793 мың адам. Демек, халықтың саны бір жылда 87 мыңға азайған.

Ресейдің әрбір үшінші аумағында адамдардың өлуі 1,5-2  есеге артқан. Туу азайды. Мұның себебі неде? Орыс сарапшылары мұны тоқсаныншы жылдағы ең қиын кезеңнен көреді. Ол жылдары тұрмыстың ауыртпалығынан әйелдердің өмірге ұрпақ әкелуі азайды. Ресей қоғамы қазір соның зардабын тартып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, тек 2031 жылдардан кейін ғана барып Ресейде туу көрсеткіші көбейе бастауы мүмкін. Ресей тарихында демографиялық көрсеткіштің ең төменгі  нәтижесі 1999 жылы орын алған. 1990-2000 жылдардағы төмен нәтиженің зардабы қазір анық көрініп тұр. Тек президент Путиннің ана капиталы бағдарламасынан  кейін ғана барып, дүниеге келген балалардың өсімі болашақта көріне бастайды.

Қазір Ресейде көп балалы отбасылардың саны шамамен 7-8 пайыз шамасында ғана. Владимир Путин 2050 жылдары көп балалы аналардың санын 50 пайызға жеткізу туралы міндеттеме қойды. Ол үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды. Путин халыққа арнаған Жолдауында «әр отбасында үшінші сәбидің болуы қалыпты үрдіске айналуы керек»,– деді. Ал төртінші сәби дүниеге келсе, мемлекет барлық жағдайды жасайды.

Орыс демографтарының зерттеуіне қарағанда, қазір Ресейде туу коффиценті 1,7 көрсеткішті құрайды. Қазір мемлекет бұл көрсеткішті алдағы 15-20 жылда 2,4 немесе 2,5 -ке жеткізуді көздеп отыр. Ал дамыған Франция мен Швецияда туу коффиценті -2, Таяу Шығыста - 2, ал Қазақстанда -2,3 шамасында.  

Сондай-ақ  орыстарды алаңдатып отырған тағы бір нәрсе бар. жақын уақыттарда елдегі мұсылмандардың саны шамамен 30 пайызға жетуі мүмкін. Қазір Ресейдің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары мұсылман мәселесін үнемі басты тақырып етіп шығарады. Расында да орыстар елде мұсылмандардың көбеюінен қорқады. Өйткені , мұсылмандар отбасында туу көрсеткіші өте жоғары Жақында Ресей мұсылмандары кеңесінің төрағасы, бас мүфти Равиль Гайнутдин «алдағы 15 жылда елдегі мұсылмандардың саны халықтың 30 пайызын құрайды» деп мәлімдеме жасады. Расында да қазіргі уақытта Дағыстан, Ингушетия, Кавказ аймағының  туу көрсеткіші өте жоғары. Оның үстіне Өзбекстан мен Қырғызстаннан барған гастарбайтерлер  Ресейде тұрақтап қалып, мұсылмандардың санын көбейтуде. Тіпті Мәскеу маңындағы орыс деревниялары қырғыз қалашығына айналып бара жатыр. Мұсылмандардың Ресейдегі демографиялық тасқыны көңіл қуантады. Бірақ орыстар елдің исламдану процесінен қорқып отыр. Оларды алаңдататын да осы мәселе.

...Ал біз 1 сәуірден бастап, алты баласы бар болса да, айлығы 150 мың теңгеден асқан көп балалы анаға ештеңе бермейтін болдық. Қазақ отбасына да  демографиялық тасқынды күшейту үшін ана капиталы керек.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір